2.4 Ежелгі Қытай философиясының жалпы сипаты, өзекті ұғымдары және даму кезеңдері Қытай философиясы өз дамуында негізгі үш кезеңнен өтті:
1) б.д.д. VII ғ. - б.д. III ғ. Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайдa болуы мен қалыптасуы.
2) б.д. III-XIX ғ.ғ. - Қытайға үндіден буддизмнің енуі (б.д. III ғ.) және оның ұлттық философиялық мектептерге ықпалы.
3) б.д. XX ғ. Қазіргі кезең - қытай қоғамының тұйықтығының жойылып, қытай философиясының европалық және әлемдік философия жетістіктерімен баюы.