Философияның пайда болуы



бет18/70
Дата08.02.2022
өлшемі127,74 Kb.
#120521
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Байланысты:
философия

Негізін қалаушысы - б.д.д. VI ғ. соңы мен V ғ. басында өмір сүрген Лао Цзы («Қарт ұстаз»).
Сонымен даосизм философиясы адам мен табиғат арасындағы қатынасты үйлестіруге бағытталды. Адамның мақсаты - Даоны (жолды) білу және іске асыру. «Даоны» - Жолды іске асыру мына ережелер арқылы өмір сүруді талап етеді.
1) Қарапайым өмір сүру.
2) Жанды, рухты қанағаттандыру.
Осы ережелердің негізінде өмір сүрген адам табиғатпен және басқа адамдармен үйлесімділікте болады, оның іс-қимылдары жемісті нәтиже береді.
Дао жолынан таймау - бұл табиғилыққа қарсы шықпай өмір-өзен ағымымен жүзу. Даоны дәл қолдану - «табиғи күйге сәйкес әрекет жасау» дегенді білдіреді.
Дао болмыс та емес, бейболмыс та емес. Ол - алғашқы себеп. Бұл мағынада даоны үнді философиясындағы шуньята (бос кеңістік) ұғымымен теңестіруге болады. Дао - әмбебап, ол кез келген нәрсеге, құбылысқа ене алады және мәңгі тозбайды.
«Дао-Дэ-Цзиндегі» Дао және Дэ туралы ілімі. Дао әлем қозғалатын Ұлы Жол немесе дүниенің пайда болуын, дамуы және жойылуын реттейтін Ғарыш Заңы болуымен қатар, Дао-субстанция, яғни осы заңның негізі, көрінісі, әрі сақтаушысы. Осыдан келіп Дао - бүкіл тіршілік, мән атаулының субстанцияланған заңдылығы. Даоға игі күш-Дэ (ізгілік) тән.
Метафизика тұрғысынан алғанда, дао- бұл барлық нақтылықтың қайнар көзі, сондай-ақ барлық құбылыстың барар соңғы мақсаты. Оған тиянақты субстанционалдық негіз тән емес, ол тек тіршіліктің тууы мен өшуін қамтамасыз етеді.
Даостықтардың пікірінше бейболмыс - алғашқы, оны атауы жоқ дао деуге болады. Егер оған атау берілетін болса, ол болмысқа айналады. Бейболмыс болмысты тудырады. Болмыс - атауы бар нәрсенің субстанционалдық түпнегізі бейболмыс болғандықтан олар тұрақсызданып, жойылып бейболмысқа айналып кетеді. Осы қайта оралу ғана - тұрақтылық, ал өзгенің бәрі өзгермейді. Трактатта былай делінген: «Дао жалғызды жаратады, жалғыз екеуді жаратады, ал екеу үшеуді жаратады, үшеуден бәрі тарайды. Бар тіршілік өз бойында инь және янды ұстайды, цимен толықтырылады және гармонияны түзеді». Үшеу деп аспан мен жер, гармонияның Ұлы заңы айтылып тұр. Ци ұғымы әлемнің қозғаушы күші деп қарастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет