Милет мектебінің өкілдері: 1) Материалистік позицияны ұстанды;
2) Философиямен ғана емес, басқа да нақты жаратылыстық ғылымдармен айналысты.
3) Табиғат заңдарын түсіндіруге тырысты (сол үшін оларға «физиктер» - «табиғатты зерттеушілер» деген екінші ат тағылды).
4) Субстанцияны - дүние жаратылған бастапқы негізді ізденіс.
Пифагор - (б.д.д. VI ғ. екінші жартысы мен V ғ. басы) ежелгі грек философы, математигі.
Пифагор және оның жолын қуушылардың пікірінше: 1) дүниенің мәні сандар арқылы берілген (бүкіл дүниені, ондағы құбылыстардың құпиясын сандар арқылы өлшеп, тануға болады деп есептеді);
2) дүниені тану, түсіну үшін сандарды тануға шақырды (сан арқылы тану сезімдік және идеалистік сана аралығынан өтетін таным жолы деп санады);
3) «бір» санын дүниенің ең ұқсақ бөлшегі деп түсінді;
4) дүниенің диалектикалық бірлігін бейнелейтін «протокатегорияларды» табуға, көрсетуге тырысты «жұп-тақ, жарық-қараңғы, түзу-қисық, оң-сол, ер-әйел, т.б.).
Элеаттықтар - қазіргі Италияның жерінде орналасқан ежелгі грек полисі Элейдегі философиялық мектептің (б.д.д. VI-Vғ.ғ.) - өкілдері: Парменид, Элейлік Зенон, Самостық Мелисс.
Элеаттықтар: 1) таным мәселесін зерттеді;
2) сезімдік таным (пікір «докса») мен жоғары рухани идеалистік танымды қатаң жіктеді, ажыратты;
3) монизмді жақтады - көптүрлі құбылыстардың бір ғана бастапқы негізден тарайтынын тұжырымдайды;
4) дүниетанымдары идеалистік сипатта болды: дүние, тіршілік - идеяның материалды бейнесі деп санады;
5) «апорияларды» - парадокстарды негіздеді.
Атомистер (б.д.д. V ғ.) материалистік сипаттағы мектеп өкілдері Демокрит, Левкипп: әлемнің бөлінбейтін ұсақ кірпіштерден - «атомдардан» («атомос»-«неделимое»: «том» - «бөліну», «а»-«қарсы») құралатындығын айтты.
Демокрит философиядағы материалистік бағыттың негізін қалаушы болды.