Платонның идеалистік ілімінің басты қағидалары: 1) реалды тіршілік ететін - тек таза (денесіз, тәнсіз, материясыз) идеялар («эйдостар») ғана;
2) бүкіл дүние таза идеялардың («эйдостардың») бейнесі ғана;
3) дүниедегі кез келген зат осы заттың бастапқы идеясының материалды бейнесі ғана (мысалы, жылқылар туылып және өліп жатқанымен олар өзгермейтін мәңгі «жылқы» идеясының көрінісі);
4) таза (тәнсіз) идеялар ақиқат, мәңгі және тұрақты;
5) материалды заттар өзгергіш, тұрақсыз;
6) материя тіршілігі уақытша;
7) қоршаған дүние («заттар дүнисі») де уақытша және дербес субстанция ретінде тіршілік ете алмайды.