Аристотель философиясы. Философиялық көзқарастары. Аристотель №1ші философия тарихшысы. Кез келген мәселені талдауды Аристотель бұл сұрақ бойынша айтылған өзіне дейінгі белгілі пікірлерден бастайды. Бізге ежелгігрек философиясының алғашқы кезеңі туралы маңызды мәліметтер оның дәл осы қасиеті арқасында жетті.
Платонға қатынасы. Өз ұстазы Платонды жоғары бағалағанмен, оның идеялар туралы ілімін- сезімдік дүние заттары мен идеялар арасындағы қатынас түсініксіздігі үшін сынады.
Логикасы. Аристотель европалық (классикалық) логиканың негізін қалаушы. Ол дұрыс ойлаудың үш заңын (Тепе-теңдік заңы, Қайшылықсыздық заңы, Үшіншісі болмауы заңы) тұжырымдады, ақиқат пен жалғанның (европалық мәдениетте - жалпыға ортақ қабылданған) анықтамасын, силлогистиканы (ой қорытудың дұрыс және бұрыс түрлері - силлогизмдер туралы ілімді) негіздеді.
Кейіннен, Аристотельдің еңбектерін жүйелеушілер оның алты логикалық трактатын біріктіріп «Органон» («Құрал») деп атады. Логика- барлық философиялық бағыттардағы аса қажетті таным құралы саналды. Бірақ Аристотельдің өзі логикаға дербес ғылым деп емес, барлық ғылымдарға бастама ретіндегі міндетті кіріспе деп қана қараған.