Аристотель адам мәселесін материалистік тұрғыдан қарастырады: 1) адам - биологиялық мәні бойынша жоғары ұйымдасқан жануар түріне жатады;
2) жануарлардан ойлауымен, сөйлеуімен ерекшеленеді;
3) өзі сияқтылармен бірге (коллективте) тіршілік етуге бейімділігі бар;
4) дәл осы қасиеті - коллективте тіршілік ету - қоғамның пайда болуына жеткізді. Қоғам - бір территорияда тұратын, мәдениеті, туысқандық байланыстары ортақ, материалды игіліктерді өндірумен, бөлумен айналысатын адамдардың үлкен коллективі;
5) қоғам механизмдерін жүйелеу (ішкі тәртіпті сақтау, экономиканы өркендету, сыртқы жаудан қорғану, т.б.) - мемлекеттің міндеті болуға тиіс.