Ортағасырлық арабтілді философияның дамуы екі кезеңнен тұрады: 1) VII-IX ғ.ғ. - арабтілді философияның тууы мен қалыптасуы;
2) IX-XV ғ.ғ. - арабтілді философияның ежелгі грек философиясын қабылдауы, игеруі. Арабтілді философияның араб - грек философиясына айналуы:
4.2 Бірінші (арабтілді философияның туу, қалыптасу) кезеңдегі негізгі бағыттар: 1) Мутукаллимдер мектебі.
2) Мутазилиттер мектебі.
3) Суфизм.
Мутакаллимдер - радикалды исламды жақтаушылар. Мутакаллимдер мектебінің өкілдері исламның діни догмаларын негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды.
Мутазилиттер - (обособившиесяся, отколовшиеся) ислам философиясын дамытқанмен, кейбір мәселелерді материалистік тұрғыдан түсіндірді. Мысалы:
1) исламның адамның жаралуы, дүниенің шығуы, тағдырдың жазуы,т.б. туралы догмаларды рационализм мен материалистік тұрғыдан түсіндірді;
2) құдай туралы антропоморфты түсінікті (Құдайдың адам бейнелілігін) терістеді;
3) құдай мен әлемді бір деп жариялады;
4) адам ақылының күшіне сенді;
5) адам танымының күші мен мүмкіндіктеріне сенеді.
Суфизм (1. «суф»-«жүн шекпен киген адам»; 2. «саф», «сафа» - «тазалық»; 3. «сафуа» - «таңдаулы болу» деген мағыналар гректің «софос» - «даналық» сөзінен алынған) адамның өз еркімен сыртқы дүниеден, бұ дүниелік қызықтан бас тартып, өз өмірін Құдай жолына арнауы. Суфизм аскетизмді, мистиканы жоғары игілік деп есептейді.
IX ғасырда арабтілді философияның жаңа II кезеңі басталды. Ол кезеңнің жалпы белгілері:
1) медицина мен жаратылыстану саласынағы жаңалықтар нәтижесінде материалистік идеялардың күшеюі;
2) ежелгі грек философиялық идеяларының енуі нәтижесінде араб философиясының араб-грек философиясына айналуы;
II кезеңдегі европаландырылған арабтілді философияның қалыптасуына үлес қосқан философтар: Әл Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина (Авицена), Ибн-Рушд (Аверроэс).
Әл-Кинди (800-879) - араб философиясын европаландыруға қадам жасаған алғашқы ойшыл. Бірінші болып арабтарға ежелгі грек философиясын, Аристотельді ашты. Аристотель философиясының әсерімен категориялар ұғымы, логика, таным туралы ілім, т.б. материалистік идеялар жетті.