1.4 Философиялық білімнің ерекшелігі (екіұдайлығы) Философиялық білімнің басты ерекшелігі - оның екіұдайлығында. Ол ғылыми білімге жақын: пәні, әдістері, логикалық-ұғымдық аппараты ғылыммен ортақ.
Сонымен қатар философия таза түрдегі ғылыми білім де емес. Философияның барлық басқа ғылымдардан айрықша белгісі - адамзат жинақтаған білімдердің барынша жалпыланған түрі, теориялық дүниетаным болуында.
Философия пәні кез келген нақты ғылымдардың зерттеу пәнінен ауқымды. Философия білімді жалпылайды, кей ғылымдарды біріктіреді, бірақ барлық ғылыми білімдерді сарқып, жойып мәнсіздендірмейді. Ол ғылымдардың барлығына ортақ сипатты, құбылысты ғана қамтып, нақты, арнайы білімдерді сол ғылымның еншісіне қалдырады.