Философияның пайда болуы


Людвик Фейербах философиясы – неміс классикалық философиясының соңы



бет62/70
Дата08.02.2022
өлшемі127,74 Kb.
#120521
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70
Байланысты:
философия

6.4 Людвик Фейербах философиясы – неміс классикалық философиясының соңы
Л.Фейербах философиясы – неміс классикалық философиясының соңы және материализмге өтудің басы.
Людвик Фейербах философиясы (1804-1872жж.) – өкілдері Кант, Гегель, Шеллинг және Фихте болған неміс классикалық философиясының аяқталу кезеңі, ал неміс және әлемдік философиядағы материалистік дәуірдің бастамасы болды.
Фейербах философиясының басты бағыты – неміс классикалық идеализмін сынау және материализмді негіздеу болды.
Философиялық бағыт ретінде материализм Фейербахқа дейін (Ежелгі Грецияда – Демокрит және Эпикур, Жаңа Заманғы Англияда – Бэкон, Локк, Францияда – ағартушы - материалистер) пайда болғанмен, аталған философиялық мектептер, негізінен өз заманының ішкі ұлттық көрінісі ғана болып жүйесіздік пен қайшылықтарға толы болды. Теологияның ығында жүріп, материалистік идеялар мен Құдай тіршілігі арасын жақындатуға тырысты (жақындату жолы – деизм). Л.Фейербах философиясы жүйелі материалистік ілімнің үлгісіне айналды. Оның жалпы сипаты:
1) атеизм – көпғасырлық діни ықпалдан толық босану, ажырау;
2) Құдай мен дін табиғатын материалистік тұрғыда түсіндіруге талпыныс;
3) Қоршаған дүние мен адам мәселелерін ғылым жетістіктеріне сүйене отырып түсіндіру;
4) Саяси – әлеуметтік сұрақтарға қызығушылық;
5) Қоршаған дүниенің танылатындығына сенім.
Фейербах философиясы неміс классикалық философиясы мен ХІХ ғ. неміс материализмі арасындағы ара – жік, марксизмнің ізашары болды. Фейербах философиясының ықпалымен қалыптасқан маркстік философия (К.Маркс, Ф.Энгельс) Германияның ұлтық шеңберінен асып, әсіресе ХІХ ғ. ортасы мен соңында – ХХғ. бірінші жартысында бүкіл, жалпы әлемдік философияға айналды. Коммунистік даму жолымен жүрген елдерде (Кеңестер Одағы, Қытай, Шығыс Европа, Азия мен Африканың кейбір елдерінде) материалистік философия ресми және жалпыға міндетті болды.
Фейербах өз философиясының алғашқы кезеңінде идеалистік философияны, әсіресе Гегель философиясын қатты сынға алады:
1) Болмыс пен ойлаудың теңдігі идеясын сынады.
2) Материалды дүниенің бастапқы себебі және дербес субстанция- абсолютті идеяның болуын мойындайды.
3) Жаттанудың абсолютті идеяның материалды дүниеге айналуының мүмкін еместігін логикалық түрғыдан дәлелдейді (қоршаған дүниені көруге, сезінуге болады, ал абсолютті идея – Гегельдің ойдан шығарылғаны).
4) Философия мен діннің ынтымағын, бірлігін мойындамады.
5) Диалектиканы да терістеді (Фейербахтың қателігі).
Гегель философиясын Фейербах, ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес келмейтін, өткенге бағыттауға, сенім – наным ықпалындағы жалған философия деп атады.
Гегель объективті идеализміне Фейербах өзінің антропологиялық материализм теориясын қарсы қойды. Бұл теорияның мәні:
1) Тіршілікте шынымен бар реалдылықтар – табиғат және адам.
2) Адам – табиғаттың бөлігі.
3) Адам - материалды мен руханилықтың бірлігі.
4) Адам – философияның басты пәні,мәселесі болуға тиіс.
5) Идея өз бетінше тіршілік етпейді, ол – сананың жемісі.
6) Құдай –жеке және дербес реалдылық емес; Құдай - адам қиялының жемісі.
7) Табиғат (материя) мәңгі және шексіз, оны ешкім жаратпайды және ешкім жоя алмайды.
8) Бізді қоршап тұрғанның (нәрселер, құбылыстар) бәрі – материяның түрлі көріністері.
Фейербах философиясында Құдай мәселесі ерекше орын алады. Құдайдың тіршілігі (бар болуы) идеясы мен материалистік көзқарасы арасын жақындатуға тырысқан деистерден, т.б. өзгеше Фейербах:
1) Атеистік позицияны ұстанады.
2) Құдай мәселесін антропологиямен тығыз байланыста қарастырады. Л.Фейербахтың атеистік-антропологиялық теориясының негізгі қағидалары.
3) Құдай – дербес реалдылық емес.
4) Құдай – адам санасының туындысы.
5) Дін мифологиялық-фантастикалық идеология және оның шын дүниеге еш қатысы жоқ.
6) Діннің таралуына адамның надандығы, оның өмірінің ауыр жағдайлары себеп болуда.
7) Діннің тамырлары – адамның сыртқы дүние алдындағы шарасыздығы, оған тәуелділігі мен қорғансыздығында.
8) Құдіретті де парасатты тіршілік Құдай туралы ой – адамның қорқыныштары мен аффектілерін бәсеңдетіп, адамға жұбаныш береді.
9) Құдай – адам көргісі келген өзі жасаған мінсіз образ.
10)Құдай – жаратушы емес, Ол-адам ақылының жаратқаны. Сондықтан нағыз жаратушы – адам.
Л.Фейербах өз философиясында таным сұрақтарын (гнесеологияны) зерттейді.
Фейербах – адам ақылының тану қабілетінің шектеулілігі мен қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының ішкі мәні танылмайтындығы (агностицизм) теориясын ұсынған Кантқа оппонент болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет