3. Көзқарас: ұғым, құрылымы, тарихи түрлері және философиямен қатынасы.
4. Философиялық таным түрлері және олардың ерекшеліктері (қарапайым, діни-догматикалық, мистикалық, ғылыми)
1. Философия, оның пәні және ерекшелігі.
Философия (кейде "Пәлсапа", грек. φιλοσοφία, philosophia, мағынасы: Даналықты сүю) — жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмыс, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады. Мұндай сауалдар көбінесе зерттелуді, немесе шешілуді күткен проблемалар] ретінде ортаға қойылады. "Философия" термині алғаш Пифагордан (бзд. 570 - 495 жж) басталған болуы мүмкін. Философиялық әдістерге сауал, сыни пікірталас, ақылды аргумент және жүйелі пайымдау қатарлылар жатады.]
Классикалық философия сұрақтарына жататындар: "Әлденені білу мүмкін бе?", ал егер мүмкін болса, онда "мұны дәлелдей аламыз ба?« Философтар сондай-ақ аса практикалық және нақты сұрақтарды да қоя береді: "Өмір сүрудің ең жақсы жолы бар ма?", "әділеттілік жазаланбайтын әділетсіздіктен жақсы ма?","Адамда еркінерік бар ма??
Тарихта философия барлық білім жүйелерін қамтыды. Ежелгі грек философы Аристотельден бастап ХІХғ-ға дейін "табиғат философиясы" астрономияны, медицинаны және физиканы қамтыды. Мысалы, Исаак Ньютонның 1687 жылғы "Табиғат философиясының математикалық қағидалары" атты кітабы кейін физика кітабы ретінде жіктелді.