Философияның пәні, қызметі және мақсаты


Көзқарас: ұғым, құрылымы, тарихи түрлері және философиямен қатынасы



бет3/5
Дата24.02.2022
өлшемі2,37 Mb.
#133128
1   2   3   4   5
Байланысты:
философия 1 т

3. Көзқарас: ұғым, құрылымы, тарихи түрлері және философиямен қатынасы.

  • Философиялық ғылымының тарихы — философияның тарихи типтерін зерттейтін философияның бөлімшесі. Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі – тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу. Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.
  • Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет