Философияның негізгі қызметі – дүниетаным. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға – дүниетанымның субъектісі болып саналады. Дүниетанымды қалыптастыру тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен бірге белгілі әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және олардың партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші. Адам мәселесінің маңыздылығына байланысты бірінші орында философияның гуманистік, яғни адамгершілік қызметі тұр. Оның мақсаты адамға тән құндылық, оның қабілеттілігі, сезімі мен парасатының үйлесімді дамуы, мәдениеттілікке қатысты мінез құлықтың жоғары деңгейдегі көрінісі. Адамгершілік – адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ізгілік, тілектес-ниеттестік сезімі, адамдармен іштей және жалпы түрде қарым-қатынас жасау ерекшелігі. Дүниетанымның негізі – адам болу.