Гиперплазия– өсімдік жасушаларының шамадан тыс көбеюі. Патогенді ағзалармен қатар аурудың негізгі себебі бунақденелілер, механикалық жарақаттар және химиялық әсерлер болуы мүмкін. Олардың салдарынан көпжылдық ағаштар діңінде әртүрлі шорлар байқалады.
Гипоплазия –көбінесе өсімдіктер вирустар мен микоплазмалар қоздыратын ауруларға шалдыққанда байқалады. Негізгі белгілері - өсімдіктердің өсуінің баяулауы немесе тоқталуынан байқалатын ергежейленуі немесе пішінінің өзгеруі, жапырақтардың шамадан тыс сартаптануы. Күздік бидайдың қортық немесе ергежейлі қаракүйесін де гипоплазияға жатқызуға болады. Ауруға шалдыққан өсімдіктер шамадан тыс түптенетіндіктен бойы аласа келеді.