Гистологиялық және цитологиялық әдіс. Бидай мен арпа тұқымының тозаңды қаракүйеге шалдығуын анықтау үшін қолданылады
Зерттеу әдісі Тұқым натрий сілтісінің ерітіндісінде қайнатылып, оның жарнағы эндоспермадан бөлініп алынады да, көк анилин бояуымен боялады. Жарнақ жапырақшаларды зат әйнегінің үстіне жазып микроскоп арқылы қарасақ, боялмаған өсімдік ұлпаларының арасынан көкшіл түске боялған қаракүйе мицелийлерін байқаймыз. Гистологиялық әдісті ауру қоздырғышының ие-өсімдікпен паразиттік ара- қатынасын зерттеу үшін қолдануға болады.