Физика • Ғалам • Үлкен жарылыс


ФИЗИКА • ҒАЛАМ • ҮЛКЕН ЖАРЫЛЫС



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата25.05.2023
өлшемі0,74 Mb.
#177713
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kktwig-lken-zharylys

ФИЗИКА • ҒАЛАМ • ҮЛКЕН ЖАРЫЛЫС
• Неліктен кейбір галактикалар бір-біріне қарай қозғалуда?
Ғарыш кеңістігі ұлғайған сайын, біз 
барлық галактикалар бір-бірінен 
алшақтайды деп ойлаймыз. Бұл 
негізінен дұрыс, бірақ кішірек ауқымда 
(бірнеше миллион жарық жылы). 
Көрші галактикалардың арасындағы 
гравитациялық тартылыс күші оларды 
бір-біріне қарай тартуы мүмкін, 
сол себепті галактикалар көбінесе 
кластерлер түрінде кездеседі.
 
• Ұсынылатын фильм
 
– Үлкен жарылыстың дәлелдері
• Хаббл тұрақтысы деген не?
Ғалам ұлғайып жатқандықтан, галактикалар бір-бірінен алшақтап жатыр. Алыс галактикалардың болжалды 
жылдамдығы олардың бізден қандай қашықтықта тұрғанына байланысты. Арақашықтық үлкейген сайын, 
галактиканың болжалды жылдамдығы да арта түседі. Бұл жылдамдықты Хаббл заңын қолданып есептеуге болады: 
алыстағы дененің жылдамдығы оның бізден арақашықтығын Хаббл тұрақтысына көбейткенге тең. Ол көбінесе 
километрдің секундқа және мегапарсекке қатынасымен беріледі. Қазіргі есептеулер бойынша, Хаббл тұрақтысының 
мәні шамамен 70 км/с
ˑ
мегапарсек-ке тең. Алайда, әртүрлі есептеулер бойынша, оның мәні шамамен 
50 км/смегапарсек пен 100 км/с
ˑ
мегапарсек арасында өзгеріп тұрады.
Яғни, бізден әр миллион парсекке (шамамен үш миллион жарық жылы) алшақтаған сайын, дененің болжалды 
жылдамдығы шамамен 70 км/с-қа артады. Салыстыра кетсек, біздің галактика шамамен 30 000 парсек қашықтықты 
алып жатыр, ал ең жақын галактиға дейінгі арақашықтық шамамен 0,8 миллион парсекке тең.
• Ұсынылатын фильм

– Үлкен жарылыстың дәлелдері
 
Хабблдың Ғарыштық телескопы 
Қосымша сұрақ
С4. Неліктен кейбір галактикалар басқаларына қарағанда тезірек 
қозғалатындай көрінеді?
Қызыл ығысудың көлемі дененің жылдамдығына байланысты. Кейбір 
алыс галактикалардағы қызыл ығысу өте үлкен болғандықтан, 
галактикалар жарық жылдамдығынан да тез қозғалатындай көрінеді.
Бұлай көріну себебі, галактикалардың арасындағы кеңістіктің 
ұлғаюына байланысты, алайда ешбір дене жарық жылдамдығынан 
артық жылдамдықпен қозғала алмайды. Бұл дегеніміз галактикалар 
жарық жылдамдығынан артық жылдамдықпен қозғала алмаса да, 
галактикалардың арасындағы қашықтық жарық жылдамдығынан да 
тез ұлғаюы мүмкін дегенді білдіреді.
Қосымша сұрақ
С5. Эдвин Хаббл деген кім?
Эдвин Хаббл – американдық астроном. 
1920 жылдардың басында Хаббл кейбір 
жұлдыздардың біз орналасқан Құс Жолы 
галактикасынан тыс жатқанын дәлелдеген. 
Бұл жаңалық сол уақыттағы ғалам тек Құс 
Жолынан ғана тұрады деген тұжырымның 
дұрыстығы туралы дау туғызды. Ғалым, 
сондай-ақ, галактикалардың қызыл 
ығысуын зерттеді, нәтижесінде Хаббл 
заңы дүниеге келді. 1983 жылғы Үлкен 
ғарыштық телескоптың атауы, астрономияға 
үлкен үлес қосқан Эдвин Хабблдың 
құрметіне Хаббл ғарыштық телескопы 
болып өзгертілді. Телескоп 1990 жылы іске 
қосылды және 2014 жылға дейін қызмет 
етеді деп есептелуде.


5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет