Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар, түрлері және формалары


Физиканы оқыту механикадан басталады



бет5/8
Дата12.06.2022
өлшемі1,33 Mb.
#146423
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15бфоә

Физиканы оқыту механикадан басталады.
Мектеп физика курсы 4 бөлімнен тұратыны белгілі: механика, молекулалық физика және термодинамика негіздері, электродинамика және кванттық физика. Демек, оқушылар физикалық білім алуды механикадан бастайды. Оқу пәніне басында қызықса, онда оқушы физиканың барлық бөліміне қызығатын болады. Сондықтан да мен оқушыларды физикаға қызықтыру үшін, оларды алдымен механикаға қызықтыру керек деп есептеймін.
Адамның табиғи ақыл-ой қабілеті оның дамуының қуатты қозғаушы күші болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу, және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету. Физиканы оқытудың бүкіл оқу әдістемелік жүйесі осы негізгі мақсатты жүзеге асыруға қызмет етуі керек. Менің дипломдық жұмысымның мақсаты: Механика бөліміне қызығушылықты арттыру әдістерін ұсыну. Бұл мақсатқа жету үшін мен алдыма мынадай міндеттерді қойып отырмын:

  1. Мектеп курсындағы механика бөлімін оқыту деңгейін зерделеу.

  2. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қажетті ғылыми әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.

  3. Оқушылардың механикаға қызығушылығын арттыру тәсілдерін ұсыну.


ҚР жалпыға орта білім берудің мемлекеттік стандарты.
Механика. Материялық нүктенің түзу бойымен қозғалысы; координата, жылдамдық, үдеу. Бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалыс; координата мен жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі. Бірқалыпты және қисық сызықты қозғалыс.
Механикалық тербелістер: гармониялық тербелістер; амплитуда, жиілік және период. Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Серпімді толқындар, олардың таралу жылдамдығы. Дыбыстың қаттылығы. Тонның жоғарылығы. Денелердің өзара әсерлесуі. Масса. Күш. Ньютон заңдары. Дене импульсі, импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Жұмыс және қуат. Потенциалдық және кинетикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы. Жай механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті.
Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші. Еркін түсу. Салмақ. Салмақсыздық. Қатты денелердің серпімді және пластикалық деформациялары. Серпімділік күші. Гук заңы. Үйкеліс. Үйкеліс күші. Заттың тығыздығы. Сұйықтар мен газдардың қысымы. Паскаль заңы. Архимед күші. Денелердің жүзуі. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы. Бернулли теңдеуі. [2] Механика-физиканың бір бөлімі.
Адам әр кезеңде де өзін қоршаған ортамен күрделі өзара әсерге түседі және түсе де бермек. Осындай өзара әсерлесудің бір белгісі - ол өзін қоршаған ортаны зерттеу болып саналады.
Табиғатты зерттейтін бірнеше ғылымдар бар, оларды жалпы айтқанда жаратылыстану деп атайды. Жаратылыстану ғылымдарының ішінде ерекше орын алатыны – физика. Ал физиканың ішінде-механика ерекше орын алады. Механиканың мұндай жағдайға ие болуының бірнеше себебі бар:
біріншіден, адам ерте заманда өзін қоршаған ортаны тани бастағанда механикалық құбылыстарды зерттеу аса қажет болды. Механиканы білу үшін, үйлер салу үшін, қарулар жасау үшін және т.б. қажет болды. Сондықтан алғашында физика негізінен механикадан ғана тұрды;
екіншіден, физиканың жаңадан ашылған барлық бөлімдері механикаға сүйеніп, оның әдістері мен ұғымдарын пайдалана отырып, дүниеге келген. Қазіргі физиканың іргетасы ретінде механиканы пайдаланып отыр деуге әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет