Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет46/120
Дата04.06.2020
өлшемі1,39 Mb.
#72350
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   120
Байланысты:
Умк (1)

Изохоралық процесс. Көлем тұрақты болғанда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесін изохоралық деп атайды.

Күй теңдеуінен (3.4) газдың көлемі өзгермеген кездегі кез келген күйінде газ қысымының температураға қатынасы тұрақты болатыны шығады:



(3.9)


Егер газ көлемі өзгермесе массасы берілген газ үшін қысымның температураға қатынасы тұрақты болады.

Бұл газ заның 1787 жылы француз физигі Ж.Шарль(1746-1823) ашқан және сондықтан ол Шарль заңы деп аталады. (3.9)-теңдеуіне сәйкес көлем тұрақты болғанда газ қысымы температураға тәуелді болады, яғни: (3.10)

Бұл тәуелділікт графикте түзумен кескінделеді де, ол изохора деп аталады. Түрлі көлемге түрліше изохора сәйкес келеді. Температура тұрақты болғанда, Бойль-Мариотт заңына сәйкес, газ көлемі ұлғайғанда оның қысымы азаяды. Сондықтан үлкен көлемге сәйкес келетін изохора, кіші көлемге сәйкес келетін изохорадан төмен жатады.(3.10)-теңдеуге сәйкес барлық изохоралар T=0 нүктесінен басталады.Демек, абсолют нөлде идеал газдың қысымы нөлге тең.

Кез келген жабық ыдыстағы немесе электр шамындағы газды қыздырғандағы газ қысымының ұлғаюы изохоралық процесс болып табылады. Изохоралық процесс көлемі тұрақты газ термометрлерінде пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет