Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет59/120
Дата04.06.2020
өлшемі1,39 Mb.
#72350
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   120
Байланысты:
Умк (1)

Су буының парциал қысымы. Атмосфераланың өзі түрлі газдардың және су буының қоспасы болып саналады. Ауаның өз ішіндегі денелерге түсіретін қосынды қысымына газдардың әрқайсысы өз үлесін қосады. Егер басқа газдардың барлығы жоқ десек, онда су буының түсіретін қысымы су буының парциал қысымы делінеді. Су буының парциал қысымы ауа ылғалдығы көрсеткіштерінің біріне алынады. Оны қысым бірліктерімен паскальмен - немесе миллиметрмен алынған сынап бағанасымен өрнектейді.

Салыстырмалы ылғалдық. Берілген бір жағдайларда су буының қанығу күйіне қаншалықты жақын екені туралы судың парциал қысымына байланысты әлде де қорытынды жасауға болмайды, Ал бұған судың булану қарқыны және тірі организмдердің ылғалдықты жоғалтуы да байланысты. Міне, осы себепті берілген температурада су буының қанығудан қаншалықты алыс екенін көрсететін салыстырмалы ылғалдық делінген шама енгізілді.

Берілген температурада ауа құрамындағы су буы р парциал қысымының, сол температурадағы қаныққан будың ро қысымына процентпен өрнектеліп алынған қатаның р салыстырмалы ылғалдылығы деп аталады:

Психрометр'. Ауа ылғалдылығын арнайы приборлар арқылы өлшейміз. Солардың бірі-психрометр туралы айтпақшымыз.

Психрометр екі термометрден тұрады . Олардың біреуінің резервуары құрғақ күйінде болады да ауаның температурасын көрсетеді. Екіншісінің резервуары бір ұшы суға батырылған шүберекпен оралады. Су буланады, осының нәтижесінде термометр салқындайды. Салыстырмалы ылғалдық көп болса, булану азая түседі, дымқыл шүберекке оралған термометр соғұрлым жоғары температураны көрсетеді.

Салыстырмалы ылғалдық 100%-ке тең болғанда, су тіпті буланбайды және екі термометрдің де көрсетуі бірдей болады. Екі термометрдің температуралар айырмасы бойынша арнаулы кестелер көмегімен ауаның ылғалдылығын анықтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет