Атмосферадағы су буы. Мұхиттардың, теңіздердің, көлдердің және өзендердің алып жатқан ауданы орасан зор болғанына қарамастан, ауадағы су буы қаныққан буға жатпайды. Ауа массаларының орын ауыстыруы берілген бір мезетте планетамыздың бір жерлерінде конденсацияға карағанда буланудың басым болуына, ал басқа бір жерлерде, керісінше, конденсацияның басым болуына әкеліп соғады. Дегенмен, іс жузінде, ауада әрқашан да су буының белгілі бір мөлшері болады.
Ауадағы су буының мөлшері, яғни оның ылғалдылығы бірқатар шамалармен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |