Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет6/120
Дата04.06.2020
өлшемі1,39 Mb.
#72350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
Байланысты:
Умк (1)
Electronics Workbench бағдарламасымен танысу., Electronics Workbench бағдарламасымен танысу.
Механикалық қозғалыс деп деп дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі аталады. Механикалық қозғалысты математикалық сипаттау үшін санақ жүйесі түсінігі енгізіледі.Санақ жүйесі деп санақ денесі, координаталар жүйесі және уақытты есептейтін құралдан тұратын жүйені түсіну керек.

Мектеп деңгейінде мұндай жүйе өзара перпендикуляр x,y,z осьтерінен тұратын декарттық координаталар жүйесі болып табылады.



  1. Координаталық тәсіл. Материялық нүктенің қозғалысы координаталардың уақытқа тәуелділігін білдіретін функциялармен беріледі:

Координаталардың уақытқа мұндай тәуелділіктері қозғалыс заңы деп аталады. Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс жағдайында ол мына түрде беріледі, ал түзусызықты бірқалыпты үдемелі қозғалыс жағдайында:



2.Векторлық тәсіл. Нүктенің кеңістіктегі орны координаталардың бас нүктесінен (әрі қарай координата басы) жүргізілген және қозғалыстағы нүктеге ілесіп отыратын радиус-вектормен анықталды. Мұндай тәсіл теориялық физикада кеңінен қолданылады. Мысал ретінде, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын алуға болады:





3. Берілген траекторияда дененің координатасын емес, оның жүріп өткен жолын есептеген ыңғайлы, осылайша оның координатасы да анықталды. Дененің кеңістіктегі орнын осындай тәсілмен анықтау қисықсызықты координаталар әдісі деп аталады. Ол траектория берілген кезде жиі қолданылады. Материялық нүкте қозғалысын сипаттаудың үш тәсілі де өзара тең баламалы, олар қозғалыс теңдеулерінің ықшамдылығымен, қозғалысты сипаттаудың көрнекілігімен анықталады. Физика ғылымы бойынша жазылған әдебиеттерде орын ауыстыру векторы мен жолды белгілеу әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, орын ауыстыру векторын көбіне ,ал жолды s,l,r деп белгілейді. Біз мына белгілеулерді аламыз: орын ауыстыру векторы - , жолдың ұзындығы-s, бірақ мынаны ескеру керек: , сонда , яғни қозғалысты сипаттаудың координаталық тәсілі әмбебап болады. Сонымен қатар механиканың негізгі мақсаты дененің кеңістіктегі қозғалысын уақытқа тәуелді анықтау, яғни функцияларын анықтап, осылардан жылдамдықтарды жеңіл есептеуге болады: және үдеулерді анықтауға мүмкіндік туады: .

  1. Материя деп нені айтамыз? Материяның қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Қандай қозғалысты механикалық қозғалыс деп атаймыз?

  3. Санақ жүйесі дегеніміз не?

  4. Радиус-вектор деп нені түсінесіңдер?

  5. Орын ауыстыру дегеніміз не?

  6. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  7. Траектория ұзындығы қалай аталады?

  8. Қандай жағдайда жол мен орын ауыстыру модулі тең болады?

  9. Қорытқы орын ауыстыруы нөлге тең, ал жүріп өткен жолы нөлге тең емес қозғалыстарға қандай мысалдар келтіресіңдер?

  10. Қозғалысты баяндаудың қандай тәсілдерің білесіңдер? Әрқайсысының өздеріне лайықты қандай артықшылығы бар?

  11. Механиканың негізгі мақсаты не?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет