Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)
бет 16/19 Дата 11.11.2023 өлшемі 0,63 Mb. #190993
Байланысты:
ÐаÑемаÑика 7. Аралы қ бақылау тапсырмалары (1 және 2)
1-ші аралық бақылау сұрақтары:
Оқиғаның түрлерін атаңыз және анықтама беріңіз , мысалдар келтіріңіз;
Үйлесімді, үйлесімсіз, мүмкіндіктері бірдей, толық топ құрайтын оқиғаларға мысалдар келтіріңіз;
Қайталанатын, қайталанбайтын, реттелген, реттелмеген таңдама жиындарға мысаладр келтіріңіз;
Теру, орналастыру, алмастыру және олардың қайталанатын түрлеріне анықтама беріңіз, есептеу формулаларын дәлелдеңіз.
Классикалық анықтаманы тұжырымдаңыз;
Классикалық ықтималдыққа мысал ойлаңыз ;
Ақиқат оқиғаның ықтималдығын есептеңіз;
Жалған оқиғаның ықтималдығы неге тең?
Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы қандай аралықта жатады? Дәлелдеңіз.
Оқиғаның жиілігін, салыстырмалы жиілігін анықтаңыз;
Салыстырмалы жиілік туралы не ойлайсыз?
Статистикалық ықтималдық дегеніміз не? Мысал ойлаңыз;
Геометриялық ықтималдықты анықтаңыз;
Классикалық, статистикалық және геометриялық ықтималдықтар туралы не айта аласыз?
Оқиғаларды қосуды әр түрлі анықтаңыз , мысалдармен түсіндіріңіз;
Оқиғалардың айырмасын әр түрлі анықтаңыз, мысалдармен түсіндіріңіз;
Оқиғаларды көбейтуді әр түрлі анықтаңыз, мысалдармен түсіндіріңіз;
Оқиғаның терістемесін әр түрлі анықтаңыз, мысалдармен түсіндіріңіз;
Ықтималдықтың кеңістік деп нені айтады? Мысал ойлаңыз;
Ықтималдық кеңістік арқылы - алгебра анықтаңыз және мысал ойлаңыз.
Тәуелді екі оқиғаны анықтаңыз, мысал ойлаңыз ;
Тәуелсіз екі оқиғаны анықтаңыз, мысал ойлаңыз;
Қос-қостан тәуелсіз оқиғаларға анықтама беріңіз, мысалдар ойлаңыз ;
Тәуелсіз оқиғалар тобына анықтама беріңіз, мысалдар ойлаңыз;
Тәжрибе нәтижесін анықтауға мысаладр ойлаңыз;
Оқиғаның ықтималдығы теріс болмайтындығы туралы аксиома;
Оқиғаның ықтималдығы 1 болатындығы туралы аксиома;
Кез келген екуі бірге (бір тәжрибеде) көріне алмайтын сан ақырлы немесе ақырсыз оқиғалар тізбегінің қосындысының ықтималдығын есептеу аксиомасы;
Ықтималдықтың аксиоматикалық анықтамасы.
Ықтималдықтарды қосу теоремасы қалай оқылады?
Ықтималдықтарды қосу теоремасын екі үйлесімсіз оқиғалар үшін дәлелдеңіз;
Ықтималдықтарды қосу теоремасын екі үйлесімді оқиғалар үшін дәлелдеңіз;
Ықтималдықтарды қосу теоремасын жалпылаңыз және дәлелдеңіз;
Оқиғаның терістемесінің ықтималдығын есептеңіз
Шартты ықтималдықты есептеу формуласын дәлелдеңіз ;
Тәуелді екі оқиғаның көбейтіндісінің ықтималдығын дәлелдеңіз;
Тәуелсіз екі оқиғаның көбейтіндісінің ықтималдығын дәлелдеңіз;
Қос-қостан тәуелсіз оқиғаларға анықтама беріңіз, мысалдар ойлаңыз;
Тәуелсіз оқиғалар тобына анықтама беріңіз, мысалдар ойлаңыз;
Оқиғаларының саны екіден көп , бірақ ақырлы болғанда, олардың көбейтіндісінің ықтималдықтарын қалай есептейді? Алынған нәтижелерді дәлелдеп көрсетіңіз және мысалдармен түсіндіріңіз;
Оқиғаларының саны екіден көп, бірақ ақырлы болғанда, олардың кемінде біреуінің көріну ықтималдығын табыңыз. Мысал ойлаңыз;
Оқиғаларының саны екіден көп, бірақ ақырлы болғанда, олардың тек біреуінің көріну ықтималдығын табыңыз. Мысал ойлаңыз;
Ықтималдықтары белгілі және бірдей болғанда, осы оқиғалар көрінетін тәуелсіз тәжрибелер санын қалай анықтауға болады?
Толық ықтималдықтың формуласын жазып, дәлелдеңіз;
Толық ықтималдықтың формуласына мысал ойлаңыз ;
Бейес формуласын дәлелдеңіз, мысал келтіріңіз ;
Бернулли формуласының мағнасын айтыңыз, мысал ойлаңыз;
Лапластың локалдық теоремасын қолдануға мысал келтіріңіз;
Лапластың интегралдық теоремасын қолдануға мысал келтіріңіз;
Осы теоремалардың артықшылығы, кемшілігі неде?
Ең ықтимал сан туралы не білесіз? Мысал ойлаңыз.
Кездейсоқ шама туралы ойыңызды айтыңыз. Мысалдар келтіріңіз;
Д.к.ш. анықтағыз, мысал ойлаңыз;
Д.к.ш. үлестірім заңы деп нені айтамыз? Мысалдар келтіріңіз;
Биномдық үлестірім заңын жазыңыз, мысал келтіріңіз;
Геометриялық үлестірім заңын жазыңыз, мысал келтіріңіз;
Гипергеометриялық үлестірім заңын жазыңыз, мысал келтіріңіз;
Пуассондық үестірім заңын жазыңыз, мысал келтіріңіз;
Үлестірім заңдарын салыстыра отырып өз ойыңызды айтыңыз, мысал келтіріңіз;
Математикалық үміт деп нені айтамыз?
Математикалық үміттің практикалық мағнасы не?
Математикалық үміттің қасиеттерін түжырымдап, дәлелдеңіз;
Дисперсия дегеніміз не?
Дисперсияның практикалық маңызын түсіндіріңіз;
Дисперсияның қасиеттерін түжырымдап, дәлелдеңіз;
Орташа квадраттық ауытқуды анықтаңыз,
Орташа квадраттық ауытқудың практикалық қолданысы туралы ойыңызды айтыңыз;
Моменттер ұғымына анықтама беріңіз;
Асимметрия коэффициентін анықтаңыз;
Эксцесс коэффициентін анықтаңыз , мағнасын түсіндіріңіз;
Квантилье дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: