Байланысты: Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе
A) 18 км/сағ; B) 20 км/сағ; C) 22 км/сағ; D) 24 км/сағ; E) 25 км/сағ.
2. Арбаның алдыңғы дөңгелегінің шеңберінің ұзындығы артқы дөңгелегінің шеңберінің ұзындығына қарағанда 1,6 м-ге қысқа. Егер арбаның алдыңғы дөңгелегі 300 айналым, ал артқы дөңгелегі 200 айналым жасаған болса, ол қандай жол жүргені?
A) 920 м; B) 930 м; C) 940 м; D) 950 м; E) 960 м.
3. Арасы 45 км М және N пункттерінен бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі велосипедші шықты. Олар 1,5 сағ-тан кейін кездесті де, әрі қарай сол жылдамдықпен жүріп отырып, біріншісі N пунктіне, екіншісінің М пунктіне жеткен уақытына қарағанда
2 сағ 15 мин бұрын келді. Әр бір велосипедшінің жылдамдығын табыңдар.
A) 16 км/сағ және 8 км/сағ; B) 18 км/сағ және 9 км/сағ; C) 20 км/сағ және
10 км/сағ; D) 22 км/сағ және 11 км/сағ; E) 24 км/сағ және 12 км/сағ.
4. Катер ағыспен төмен жүріп барды да, кейін қайтуға дәл сондай уақыт жұмсау үшін жылдамдығын 4км\сағ арттырды. Өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.
A) 2 км/сағ; B) 2,5 км/сағ; C) 3 км/сағ; D) 3,5 км/сағ; E) 4 км/сағ.
5. 600 км жол аралығында жолдың 1/4 –ін өткеннен кейін поезд 1 сағат 30 минутқа тоқтатылды. Уақытында жету үшін машинист жылдамдықты 15 км/сағ арттырды. Поезд жолда неше сағат болды?
A) 30 сағ; B) 32 сағ; C) 35 сағ; D) 38 сағ; E) 40 сағ.
6. Бассейн екі кұбырмен 6 сағатта толтырылады. Жеке бірінші құбыр, екіншіге қарағанда, 5 сағатқа тез уақытта толтыра алады. Әрқайсысы, жеке-жеке қанша уақытта бассейнді толтырады?
A) 6 сағ; 9 сағ; B) 8 сағ; 12 сағ; C) 10 сағ; 15 сағ; D) 12 сағ; 18 сағ; E) 9 сағ; 12 сағ.
7. Екі жұмысшы жұмысты бірігіп 12 күнде орындайды. Егер біреуіне жеке орындағанда
10 күн артық қажет болса, әрқайсысы жұмысты неше күнде орындауы мүмкін?
A) 10 күн; 15 күн; B) 12 күн; 18 күн; C) 16 күн; 24 күн; D) 18 күн; 27 күн;
E) 20 күн; 30 күн
8. Бірінші құбыр арқылы келетін су бассейнді 6 сағатта толтырады, ал екінші құбыр арқылы ол 15 сағатта толады. Екі құбырды қатар ағытқанда бассейн қанша сағатта толады?