Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсеков Ж, Касымбекова Н. Ж



бет18/83
Дата26.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#175493
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83
Байланысты:
Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе

A) 320 км/сағ; 400 км/сағ; B) 400 км/сағ; 600 км/сағ; C) 300 км/сағ; 700 км/сағ; D)300 км/сағ; 800 км/сағ; E) 400 км/сағ; 900 км/сағ.
18. Ұзындығы 60 м-ге тең шеңбер бойымен бір бағытта қозғалатын екі нүкте әрбір 1 минут өткенде кездесіп отырады. Олардың біреуі екіншісіне қарағанда шеңберді 5 с ерте айналып өтеді. Әрбір нүктенің жылдамдығын табыңыз.
A) 2 м/с; 3 м/с; B) 3 м/с; 4 м/с; C) 3,5 м/с; 4,5 м/с; D) 4 м/с; 5 м/с;
E) 3м/с; 5 м/с.
19. Ұзындығы 1350 м-ге тең шеңбер бойымен бір бағытта қозғалатын екі велосипедші шықты. Біріншісі екіншісін әрбір 27 мин өткенде қуып жетіп отырды. Егер велосипедшілер қарама-қарсы бағытта қозғалатын болса, олар әрбір 3 мин өткенде кездесіп отырады. Әрбір велосипедшінің жылдамдығын табыңыз.
A) 8 км/сағ; 11 км/сағ; B) 9 км/сағ; 12 км/сағ; C) 10 км/сағ; 13 км/сағ;
D) 14 км/сағ; 14 км/сағ; E) 12 км/сағ; 15 км/сағ.
20. Екі машина жиналған астықты 4 күнде басып бітіреді. Егер олардың біреуі барлық астықтың жартысын, ал одан кейін қалғанын екіншісі басатын болса, онда барлық жұмыс 9 күнде аяқталып бітеді. Барлық астықты әрбір машина неше күнде басып бітіреді?
A) 10 күн; 5 күн; B) 12 күн; 6 күн; C) 14 күн; 7 күн; D) 16 күн; 8 күн;
E) 18 күн; 9 күн.
Жұмыс пен еңбек өнімділігін анықтауға берілген мәтіндік есептер.

Мұндай түрде берілген мәтіндік есептердің компоненттері: А- жұмыс, t – уақыт, v- еңбек өнімділігі (өлшем бірлігіндегі уақытқа байланысты істелінген жұмыс) арасында мынадай байланыс бар:


Жұмысқа берілген бірнеше қарапайым мәтіндік есептерді қарастырайық.
1-мысал. Жоспар бойынша трактор бригадасы егістік жерді 14 күнде айдап бітіруі тиіс еді. Бригада күніне жоспарланғаннан 5 га артық жырта отырып, егістікті 12 күнде жыртып бітірді. Қанша га жер айдалды?
Шешуі: Жоспар бойынша бригаданың еңбек өнімділігін х (га/күн), деп белгілейік.



Шамалар

Жер айдау

Жоспар бойынша

Іс жүзінде

(га)

14х

12(х+5)










N (га/күн)

х

х+5

t (күндер)

14

12

Сонда есептің шарты бойынша мынадай теңдеу шығады:


Жоспар бойынша еңбек өнімділік 30 га/күн болатындықтан, айдалған жердің егіс көлемі га болады.
Демек, айдалған жер 420 га болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет