Байланысты: Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе
A) 52; B) 62; C) 72; D) 82; E) 92.
16. Ізделінді екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 11-ге тең. Егер ізделінді санды сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған санға бөлсек, бөлінді де 2 және қалдық 7 шығады. Осы санды табыңыз.
A) 56; B) 65; C) 47; D) 74; E) 83.
17. Екі таңбалы сан өзінің цифрларының көбейтіндісінен 14-ке артық, сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған саннан 45-ке кем.Осы санды табыңыз.
A) 38; B) 18; C) 28; D) 48; E) 58.
18. Екі таңбалы сан өзінің цифрларының квадраттарының қосындысынан 19-ға артық және сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған саннан 9-ға артық. Осы санды табыңыз.
A) 72; B) 62; C) 52; D) 42; E) 32.
19. Қайсыбір екі таңбалы санның цифрларының квадраттарының қосындысы осы цифрлардың екі еселенген көбейтіндісінен 4-ке артық. Осы санды оның цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөлінді 4-ке және қалдық 9-ға тең болады. Ізделінді санды табыңыз.
A) 75; B) 57; C) 63; D) 85; E) 92.
20. Екі таңбалы санның цифрларының көбейтіндісі оның цифрларының қосындысынан 2 есе артық. Егер ізделінді саннан 27-ні шегерсек, сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған сан шығады. Осы санды табыңыз.
A) 23; B) 43; C) 53; D) 63; E) 73.
С топ.
1. Үш санның екіншісі біріншіден қанша үлкен болса, үшіншісі екіншісінен сонша үлкен. Егер екі кіші сандардың көбейтіндісі 85-ке тең, ал екі үлкен сандардың көбейтіндісі 115-ке тең болса, сол үш санды табыңыз.
A) 9,5; 6; 2,5; B) 6,9; 15; 7,5; C) 8,5; 10; 11,5; D) 7,5; 9; 10,5; E) 6,5; 12; 6,5.
2. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 8-ге тең. Егер бұл санның цифрларының орындарын ауыстырсақ, онда бастапқы берілген саннан 18-ге кем сан шығады.