Байланысты: Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе
A) 15 күн;12 күн; B) 18 күн; 12 күн; C) 24 күн; 16 күн; D) 27 күн; 18 күн;
E) 30 күн; 20 күн.
8. Екі труба бассейнді 7,5 сағатта толтырады. Бірінші труба екіншіге қарағанда 8 сағатқа жылдам толтырады. Бірінші труба неше сағатта бассейнді толтырады?
A) 10 сағ; B) 12 сағ; C) 14 сағ; D) 15 сағ; E) 16 сағ.
9. Екі трубамен су жібергенде бассейн 12 сағатта толады. Екінші трубаға қарағанда, бірінші трубаның жеке өзі бассейнді 18 сағ бұрын толтырады. Бассейнді екінші труба неше сағатта толтырады?
A) 30 сағ; B) 32 сағ; C) 34 сағ; D) 36 сағ; E) 38 сағ.
10. Бірлесіп істегенде екі машина мұз айдынын 20 минутта тазартып шығады. Егер бірінші машина 25 минут жұмыс істегеннен кейін, оны екінші машина ауыстыратын болса, онда ол мұз айдынын 16 минутта тазартып шығады. Жеке істегенде мұз айдынын бұл машиналардың әрқайсысы қанша сағатта тазартып шығады.
A) 25 мин;16 мин; B) 30 мин;24 мин; C) 35 мин;28 мин; D) 40 мин;32 мин;
E) 45 мин;36 мин.
11. Заводта жеңіл және жүк машиналары жасап шығарылды, барлық шығарылған машиналардың 35%-і жеңіл машиналар болатын. Егер шығарылған жүк машиналарының саны, жеңіл машиналарға қарағанда 240 артық болса, заводтағы шығарылған машиналардың санын анықтаңдар?
A) 600 машина; B) 650 машина; C) 700 машина; D) 750 машина; E) 800 машина.
12. Ерітіндіге су қосқаннан кейін оның көлемі 42%-ке артып,71 л-ге тең болды. Ерітіндінің алғашқы көлемін табыңыз.
A) 45 л; B) 48 л; C) 50 л; D) 52 л; E) 55 л.
13. Алтын мен күмістің екі қортпасының біреуінде бұл металдардың қатынасы 1:2 қатынасындай, ал екінші қорытпада 2:3 қатынасындай. Салмағы 19 г, ал құрамында алтыны мен күмісінің қатынасы 7:12 қатынасындай болатын жаңа қорытпа жасау үшін, жоғарыдағы екі қорытпаның әрқайсысынан қанша алу керек?
A) 5 кг және 15 кг; B) 6 кг және 18 кг; C) 7 кг және 21 кг; D) 8 кг және 24 кг
E) 9 кг және 27 кг.
14. Завод қаңтар айында өнім шығарудың айлық тапсырмасын 105% орындады, ал ақпан айында қаңтар айына қарағанда 4% артық өнім берді. Завод осы екі ай ішінде өнім шығарудың жоспарын қанша процентке артық орындады?