Байланысты: Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе
A) 20 км/сағ; B) 22 км/сағ; C) 24 км/сағ; D) 25 км/сағ; E) 28 км/сағ.
2. Жанкүйер стадиондағы басталатын матчқа үлгеруі тиіс. Егер ол үйден 5км/сағ жылдамдықпен жаяу шығатын болса, онда матчқа 1сағ кешігеді, егер ол велосипедпен шығып, 10км/сағ жылдамдықпен жүретін болса, онда 30мин бұрын барады. Матчтың басталуына қалған уақытты және үйден стадионға дейінгі ара қашықтықты табыңдар.
A) 10 км және 1,5 сағ; B) 12 км және 1,8 сағ; C) 15 км және 2 сағ;
D) 16 км және 2,2 сағ; E) 18 км және 2,5 сағ.
3. Шаңғышы туристік лагерге келісілген уақытта келу үшін 10 км жол жүруі тиіс. Жол ортасында ол 15 мин кідіріп қалды да, жылдамдығын 10 км/сағ-қа арттырып лагерге дәл уақытында келді. Шаңғышының алғашқы жылдамдығы қандай еді?
A) 8 км/сағ; B) 8,5 км/сағ; C) 9 км/сағ; D) 9,5 км/сағ; E) 10 км/сағ.
4. Тынық судағы жылдамдығы 20 км\сағ болатын катер 36 км-ді ағысқа қарсы және
22 км-ді ағыспен жүзіп, барлық жолға 3 сағат жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.
A) 1,5 км/сағ; B) 2 км/сағ; C) 2,5 км/сағ; D) 3 км/сағ; E) 3,5 км/сағ.
5. Поезд жолда 6 минутқа тоқтатылғандықтан, жылдамдығын 10 км/сағ арттыра отырып кешігуін 20 км ден кейін қуып жетті. Поездің негізгі жылдамдығын табыңдар.
A) 25 км/сағ; B) 28 км/сағ; C) 30 км/сағ; D) 35 км/сағ; E) 40 км/сағ.
6. Бірінші көрермен залында 320 орын, ал екіншісінде 420 орын бар. Екі залдың қатарлар саны бірдей, бірақ бірінші залға қарағанда екінші залдың әр қатарында 5 орынға артық. Бірінші залдың қатарлар санын табыныз.
A) 16 қатар; B) 18 қатар; C) 20 қатар; D) 22 қатар; E) 24 қатар.
7. Екі жұмысшы бірігіп жұмысты 12 күнде бітіреді. Егер біріншісі жеке жұмыс жасап, жұмыстың тең жартысын орындағаннан кейін, екіншісі ауыстырса, онда жұмыс 25 күнде бітер еді. Әр жұмысшы тапсырманы неше күнде бітірер еді?