Физика-математика факультеті 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже



бет20/34
Дата23.05.2017
өлшемі9,11 Mb.
#16675
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34

Қосымша әдебиет:


  1. Четверухин Н.Ф. Методы геометрических построений. – М., Учпедгиз, 1952.

  2. Аргунов Б.И., Артемьев А.К., Федин Н.К. Методические указания к курсу элементарной геометрии (геометрия и геометрические построение). –М., Учпедгиз, 1959.

  3. Саранцев Г.И. Решаем задачи на геометрические преобразования. «Столетие». Москва, 1997.

14. Ақпанбеков Г.. Сызба геометрия. Геометрия элементтері. «Мектеп», 1998.

Сабақ беру әдістері – дәстүрлі дәрістік, эвристикалық, тренинг және ақпараттық-инновациялық оқу әдістері мен технологиялар.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - интерактивті тақта, интернет, компьютер класы, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы - Сфералық геометрия

Пәннің коды - SG3207

Пәннің типі – базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы – 3-оқу жылы

Оқу семестрі - 5 семестр

Кредиттер саны – 3 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні - Серікбаева В.Е., п.ғ.к., профессор.

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) - Сфералық геометрияның сфера бетіндегі геометриялық фигураларды зерттеп, планиметрия сияқты жазықтықта жатқан геометриялық фигуралардың қасиеттеріне арналған жаттығулар қарастыру. Сфераның қимасын салу. Эйлер үшбұрыштары. Сфералық үшбұрыштардың жазықтықтағы үшбұрыштардан көптеген өзгеше қасиеттерін ашып қарастыру. Сферада жылжыту арқылы беттескен сфералық үшбұрыштар өзара тең болатындығы туралы теореманы дәлелдеу.

Деректемелер/пререквизиттері: Евклидтік геометрия, биевклидтік геометрия, Лобачевский геометриясы мен Риман геометриясы. Сфералық геометрияны Евклидтік геометриямен салыстыра оқыту.

Курстың/пәннің мазмұны: Сфералық геометрияның негізгі ұғымдары. Сфералық геометрияның негізгі құрылымы. Скаляр, векторлар, тензорлар. Сфералық геометрияның координаттық жүйесі. Сфералық геометрияның негізгі формулалары. Сферадағы түзулер, кесінділер, ара қашықтықтар мен бұрыштар. Сфералық үшбұрыштар олардың қасиеттері. Сфералық үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы мен биіктіктері. Сферадағы Пифагор теоремасы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Алексеевский Д. В., Винберг Э. Б., Солодовников А. С. Геометрия пространств постоянной кривизны. В кн.: Итоги науки и техники. Современные проблемы математики. Фундаментальные направления. М.:

ИНИТИ, 1988. Т. 29. С. 1-146.

2. Берже М. Геометрия. Пер. с франц., в 2 т. М.: Мир, 1984. Том II, часть V: Внутренняя геометрия сферы, гиперболическая геометрия, пространство сфер.

3. Степанов Н. Н. Сферическая тригонометрия. Л.-М., 1948.

4. Шафаревич И. Р., Ремизов А. О. Линейная алгебра и геометрия, — Физматлит, Москва, 2009.

5. Александров А. Д., Нецветаев Н. Ю. Геометрия, — Наука, Москва, 1990.

6. Александров П. С. Что такое неэвклидова геометрия, — УРСС, Москва, 2007.

7. Энциклопедия элементарной математики, кн. 4, Геометрия, М., 196З.

Сабақ беру әдістері – дәстүрлі дәрістік, эвристикалық, тренинг және ақпараттық-инновациялық оқу әдістері мен технологиялар.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - интерактивті тақта, интернет, компьютер класы, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы - Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

Пәннің коды - МОТА3210

Пәннің типі - базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы – 3-оқу жылы

Оқу семестрі - 6 семестр

Кредиттер саны – 3 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні - В.Е.Серікбаева, п.ғ.к., профессор.

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) - «Математиканы оқытудың теориясы және әдістемесі» курсында студенттерді – болашақ мұғалімдерді орта мектептерде математиканың барлық салаларын оқытуға дайындайды. Осы пән негізінде олар өз мамандығы бойынша қызмет жасау үшін қажетті білімдерін, біліктерін және дағдыларын қалыптастырады.

Бұл курсты меңгеру барысында студент – болашақ математика мұғалімі- мектепте өз бетінше жұмыс істеуге даярланады. Орта мектеп «Алгебра және анализ бастамалыры» және стереометрия курстарының негізгі тақырыптарын оқыту әдістемелерін қарастырады. Сол сабақтарға дайындалуды үйреніп, оқулықтар мен оқу құралдарына талдау жасауды, сабақ жоспарын жазуды, сабақ өткізуді, сабақты талдауды, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуді, т.б. керек білік, дағдыларды қалыптастырады.



Деректемелер/пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін студент мектеп курсындағы математиканың барлық саласын, ЖОО-да өтілген педагогика, психология, геометрия, алгебра, математикалық анализ, т.б. пәндерді толық меңгеруі қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Математикалық талдаудың негіздерін оқыту әдістемесі. Тригонометриялық функцияларды, теңдеулерді, теңсіздіктерді оқыту әдістемесі. Функцияның шегі және үздіксіздік туралы ұғымды еңгізу әдістемесі. Туынды ұғымын еңгізу әдістемесі. Функцияны зерттеуге туындыны қолдану әдістемесі.

Алғашқы функция. Интегралды оқыту методикасы. Қисық сызықты трапецияның ауданы. Дененің көлемі. Дифференциалдық теңдеулерді оқыту әдістемесі.



Орта мектепте геометрия курсын оқытудың теориялық негіздері және әдістемесі (стереометрия). Орта мектеп стереометрия курсының алғашқы сабақтарын оқыту әдістемесі. Параллельдік және перпендикулярлықты оқыту әдістемесі. Көпжақтарды және айналу денелерін оқыту әдістемесі. Мектеп стереометрия курсындағы салу есептерін оқыту әдістемесі. Математиканың мектептік курсында ұзындықтарды, аудандарды, көлемдерді оқыту әдістемесі

Ұсынылатын әдебиет

Негізгі әдебиет

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы / Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан, 2003.

  2. Методика обучения геометрии: Учеб.пособие для студ.высш.учеб.заведений / В.А.Гусев и др.; под ред В.А.Гусева.- М., Изд.центр «Академия». – 2004.

  3. Современные основы школьного курса математики: Пособие для студентов педин-тов / Н.Я. Виленкин и др. – М., Просвещение,1980 –240 с.

  4. Колягин Ю.М., Луканкин Г.Л. Основные понятие современного школьного курса математики. – М., 1974 – 382 с.

  5. Методика преподавания математики: Частная методика / Колягин Ю.М. и др.- М., 1977.

  6. Лабораторные и практические работы по методике преподавания математики: Учеб. пособие для студентов физ.-мат. спец. пед.ин-тов / Е.И.Лященко и др. – М..: Просвещение,1998.- 223с.

  7. Математика курсының Стандарттары, бағдарламалары.

  8. Галицкий М.Л. Углубленное изучени курса алгебры и математического анализа. М.: Просвещение. - 1986 .

  9. Бекбаулиева Ш., т.б. Алгебра және анализге кіріспе. - А., 1991 .

10.Крамор В.С. Повторяем и систематизируем школьный курс алгебры и начал анализа, геометрии. - М.: Просвещение. - 1990.

Қосымша әдебиет

  1. Гусев В.А. Сборник задач по геометрии. 5-9 кл.: Учеб.пособие для общеобр.учреждений / В.А.Гусев. – М., ООО «Изд.»Мир и образование».-2005.

  2. Есмұхан. Геометрияны ақпараттық әдіспен оқыту. ИФМ, № 1, 2000.

  3. Вопросы преподавания алгебры и начала анализа в средней школе / Составитель О. Бобнев. М.: Просвещение. - 1982 .

  4. Современные проблемы методики преподавания математики: Сб. статей / Сост. Н.С. Антонов, В.А. Гусев. - М.: Просвещение. - 1985

  5. Виленкин И.Я., Ивашев-Мусатов О.С., Шварцвурд С.И.. Алгебра и начала математического анализа.- М.: Просвещение. - 1984.

  6. Литвиненко В.Н.. Решение типовых задач по геометрии: 10-11 кл. М.: Просвщение. - 1999.

  7. Геометрия 10 класс поурочные планы. По учебнику Л.С. Атанасяна, В.Ф. Бутузова, С.Б. Каданцева и др. Волгоград, 2005.

Сабақ беру әдістері – зерттеушілік әдісі, проблемалап оқыту әдісі, өзіндік білім алу әдісі, ғылыми әдістер (салыстыру, аналогия, синтез, классификация және т.б. әдістер), т.б.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - интерактивті тақта, интернет, компьютер класы, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы - Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің әдістері

Пәннің коды - ТТShА3210

Пәннің типі - базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы – 3-оқу жылы

Оқу семестрі - 6 семестр

Кредиттер саны – 3 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні - Парменова М.Ж., аға оқытушы.

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің кейбір әдістері курсын оқыту болашақ математика мұғалімдердің кәсіптік-педагогикалық дайындығын нығайтып, алған теориялық білімінің аясын кеңейту. Орта мектептегі математика пәндерінің ғылыми негіздерін жан-жақты ашып, математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын ашып, оны есептер шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру. Негізгі мәселелерді шешуге байланысты студенттер өз пәндерін терең меңгеруі, пәнге аса қызығушылық тудыруы керек.

Деректемелер/пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін студент мектеп курсындағы математиканың барлық саласын толық меңгеруі қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Элементар функциялар. Элементар функцияға шолу. Дәрежелік, көрсеткіштік, логарифмдік функциялар. Периодты функциялар. Тригонометриялық функция. Негізгі тригонометриялық теңбе-теңдіктер. Кері тринометриялық функциялар. Теңдеулер. Теңдеулер туралы жалпы мәліметтер. Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Мәндес теңдеулер. Теңдеулер жүйесі. Теңдеулердің графиктік тәсілмен шешу. Бір белгісізді алгебралық теңдеулер. І-ші дєрежелі теңдеулер. ІІ-ші дәрежелі теңдеулер. Жоғары дәрежелі теңдеулер. Бүтін түбірлер. Екі мүшелі теңдеулер. Кері теңдеулер.Иррационал, көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер. Әртүрлі теңдеулер. Теңсіздіктер. Сандық және алгебралық теңсіздіктер. Теңсіздіктерді шешу. Теңдеулер шешімдерінің жиыны. Теңсіздіктердің мәндестігі. Теңсіздікті графиктік тәсілмен шешу. Сызықтық теңсіздік. Жоғары дәрежелі теңсіздіктер. Құрамында бөлшек рационал функциялар бар теңсіздіктер. Көрсеткіштік логарифмдік теңсіздіктер. Екі белгісізі бар теңсіздіктер. Теңсіздіктерді интеграл әдісімен шешу.Тригонометриялық теңдеулер және теңсіздіктер. және теңдеулері. Кейбір қосымша мәліметтер.Бір ғана аргументтің функциясына келтіретін функциялар. тригонометриялық теңсіздіктерді шешу әдістері.Тригонометриялық теңдеулерді шешу. Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктер. Тригонометриялық теңсіздіктерді қарапайым түрге келтіру тәсілдері.

Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет