Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті


топ. Оқу процесі субьектілеріне өзін-өзі жетілдіруі үшін жағдай жасау



бет16/33
Дата23.08.2020
өлшемі324,27 Kb.
#76615
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
УМК ПРОЕКТИРОВАНИЕ

5топ. Оқу процесі субьектілеріне өзін-өзі жетілдіруі үшін жағдай жасау:

- оқушыларға әрбір тақырып бойынша әр деңгейлік тапсырмалары бар өз бетімен жұмыс орындау мүмкіндігін беру.

- педагогтің шығармашылық ынтасын ояту, өзін-өзі дамытуда көмек көрсету.

Жоғарыда айтылғандарды талдау арқылы, біз өз зерттеу жұмысымызда мынандай тұжырымға келдік. Деңгейлік саралап оқытудың педагогикалық технологиясы білім берудің ізгілік парадигмасындағы жаңа үлгі болып табылады. Мұнда педагогикалық жүйенің құрамды бөлігі - әдістемелік жүйені біз оқытудың мақсат, мазмұн, әдіс, түр және құралдарының кешенді бірлігі деп қарастырдық. Оқыту мақсаты - жеке бастың өзіне және қоғамға қажетті бейімділігін, әлеументтік бағалы белсенділігін дамыту, сонымен бірге өз бетімен білім алуын, өздігінен қалыптасуын тиімді қамтамасыз ету болғандықтан, біздің зерттеу жұмысымызда білім берудің оқыту мақсаты әрбір курс, тарау, тақырып бойынша меңгерудің төрт деңгейінің шағын мақсаттарымен анықталады.

Жоғарыда айтылғандай нәтиже беретін оқу процесін ұйымдастыру үшін Б.С.Блум ұсынған оқыту мақсатының мынандай иерархиялық жүйесін басшылыққа алдық, яғни: 1. Танып - білу; 2. Түсіну; 3. Қолдану; 4. Анализ және синтез; 5. Бағалау;

Алғашқы деңгейдің нәтижесіне негізделіп келесі деңгейдің шағын мақсаты анықталып отырады. Әр шағын мақсаттың нәтижесіне жету үшін олардың өздеріне сәйкес мазмұны, әдіс-тәсілі, оқытудың түрі мен құралы және тиісті дидактикалық процестері анықталады. Мысалы, танып-білу мақсатына сәйкес нәтиже болып шәкірттердің "үйренушілік" - бірінші деңгейде білімді меңгеруі саналады да, бұл жағдайдағы білім сапасының көрсеткіші оның "дұрыстылығымен" сипатталады. Ал, "түсіну" -екінші деңгейінде оқушылар білім элементтерін еске сақтаумен қатар анализ жасап, түсіндіре алуы, алған білімді стандарттан тыс, өзгертілген жағдайда қайталап орындай алуы, түрлендіре білуі қажет. "Түсіну" мақсатына сәйкес нәтиже - оқу материалын екінші - "алгоритмдік" деңгейде меңгеру болып табылады. Синтез бен бағалау үшінші - “эвристикалық” деңгейдің мақсаты болып табылады да ой қорытуға арналған тапсырмалар беріледі. Аталған үш деңгей мемлекеттік стандарттың міндетті сатысын құраса, біздің жағдайдағы төрт деңгей мемлекеттік стандарттың мүмкіндік деңгейінің талаптарына сәйкес келеді. Бұл жерде айта кететін басты мәселе: егер жергілікті білім департаменті мен мектеп әкімшіліктері технология талаптарын терең түсініп, оқу ісіне пайдалану үшін жағдай жасамаса, онда ешқандай тиімді нәтиже алу мүмкін емес.

Деңгейлік саралап оқыту нәтижесінде төмендегідей табыстарға қол жеткізуге болады:

- әр тақырыптың бірінші деңгейінің тапсырмаларын міндетті түрде және дұрыс орындағаны үшін “сыналды (зачет)” алу арқылы, әр оқушы пән бойынша 100 процент үлгеруіне кепілдік алады;

- әр тақырып бойынша қорытынды баға оның әлі келгенше еңбектеніп жинап алған ұпайына сәйкес қойылады;

- әр оқушыға үй тапсырмасы мүмкіндігіне қарай саралап беріледі;

- оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оның қабілеті жететін саласынан дарынын ашуға жағдай жасалады.

Қазіргі оқитын оқушыға арналған оқулықтар мен оқу- әдістемелік құралдар жағдайында, тақырыптық, өзіндік деңгейлік тапсырмалар мүлдем жоқ жағдайда оқу модулін түзу шарты технология мәнін меңгерген мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеп, дайындаған деңгейлік оқу материалдарын қажет етеді. Бағалаудың рейтингілік жүйесін пайдалануда мұғалімнің шығармашылық қабілетімен қоса, оқушыдан өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптасуын талап етеді. Өйткені бұл жағдайда бағалау әрі қарай қалай оқу үшін ынта тудыратын құралға айналады. Бұдан соң түзілген мониторингке сай әр оқушының пән бойынша даму траекториясы анықталады.

Оқыту процесін технологиялық негізде ұйымдастырудың қиын кезі - мұғалімдерді педагогикалық жобалауға тарту. Бұған мұғалімдерге жаңа оқыту технологиясын үйрету және біліктілігін көтеру, оқытуды технологияландырудың эксперименттік алаңын құру, тәжірибе алмасу жүйесі жатады. Мұғалім жаңа технология бойынша шығармашылықпен жұмыс істеу үшін оқу процесін технологиялық жобалаудың дидактикалық шарттарын игеру қажет.

Жобалауды технологиялық негізде табысты ету үшін оқу пәнін оқыту процесін технологиялық жобалаудың әдістемелік тәсілдерін тауып, оларды іс-тәжірибе жүзінде тексеру қажет. Бұл міндетті орындау үшін 10-11 сыныптар аралығында физика үшін оқу-тәрбие процесін жобалаудың технологиялық процедураларының әдістемелік өзгешеліктері белгіленді. Технология негізінде жобалау әдістері көрнекі және ұғынымды болу үшін біз физика курсын оқу процесінің жобасын дайындадық, мазмұны қайта қарастырылып, шағын мақсаттар тілінде мақсат қоюдың қатаң жүйесі құрылды, әрбір шағын мақсат бойынша әр деңгейлік диагностика жүйесі әзірленді, түзетім шараларының жүйесі қарастырылды, оқушылардың өзіндік іс - әрекеті анықталды, дидактикалық модульдің логикалық құрылымы түзетілді (2.2 бөлімін қараңыз).

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе педагогикалық технологияның төмендегідей негізгі дидактикалық сипаттамасын беруге болады.

1. Педагогикалық технологияның дәстүрлі әдістемеден айырмашылығы - соңғы нәтижеге жетуге кепілдік беруінде және оқу процесің сәйкесті алгоритм негізінде жобалануында.

2. Педагогикалық технология әрбір оқу пәні, әрбір мұғалім, әрбір сынып үшін әмбебап (универсалды)

3. Педагогикалық технологияның басты принциптері: мұғалімнің шығармашыл жұмыс істеуі, баланың оқу - танымдық іс - әрекетінің психологиялық - физиологиялық нормаларын орындау принципі, мазмұн, процесс, мотивация бірлігінің принципі.

4. Мұғалімнің оқыту процесінде педагогикалық технологияны пайдалану іс-әрекеті жобалау және жобаны жүзеге асыру кезеңдерінен тұрады.

5. Жобалау бүкіл оқу жылына иерархиялық мақсаттар жүйесін жобалаудан, әрбір модульді жобалау оқушының өзбетімен дамуын қамтамасыз ететін тапсырмаларды құрастырудан тұрады.

6. Өзбетімен жұмыс оқыту және оқушының дамуында табысқа қол жеткізетін оқу процесінің басты өлшемдерін көрсетеді. Бұлар: мақсат қоя білу, өз бетімен жұмыс, үй тапсырмаларын мөлшерлеу, оқу процесінің логикалық құрылымы, түзету.


  1. Мұғалім оқу процесі жобасының тете авторы болады.

  2. Технологияда нәтижені бағалау оқушының шағын мақсатқа жетуін немесе жетпеуін мәлімдеу деп түсіндіріледі. Бағалау жазбаша түрінде жүргізіледі де, үш деңгейден тұрады: алғашқысы стандарт деңгейі (“сыналды” немесе ”қанағаттанарлық” деп бағаланады). Екінші деңгейі - “жақсы” деңгейі, үшінші деңгей - ”өте жақсы” деңгейі (2.3 қараңыз).

8. Үй тапсырмаларын мөлшерлеу оқушылардың шамадан тыс жүктеме алуынан сақтайды. Оқушының сыныптан тыс іс - әрекеті деңгейлік тапсырмаларды орындау деңгейінен көрінеді.

Технология мұғалімде оқу процесі жөнінде жаңа үлгіде түсініктер қалыптастырады. Болашақ оқу процесін жобалау осы түсініктерге негізделген. Әрбір шағын мақсат бұл мақсат орындалатын және оқушының “жақын араға даму аймағы” болып табылатын сабақтардың белгілі бір тобын көздейді. Жақын арада даму аумағы термині психологтар пайдаланатын терминнен ерекшелігі бар. Ол негізінен әдіскер - мұғалімнің жұмысын құрылымы мен мазмұны жағынан ашып, бағыттап отырады. Даму өрісі - логикалық құрылымының екінші деңгейі. Үшінші деңгей - түсініктер өрісі, ол сабақтар бойынша үлестірілген тақырыптың түсініктемелік апараты. Бағалаудан “сыналды” ала-алмаған оқушылар, түзетімге (коррекцияға) қатысады да, одан кейін стандарт деңгейіне шығарылады.

Технологиялық жобаны нақтылау сабақтың ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады. Яғни: сабақтың міндеті, оқу - танымдық іс-әрекеті құрамы, оқыту мазмұны, мұғалімнің әдістемелік құралы оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетінің нәтижелері.

Оқу процесін осылай технологияландыру жобалау және жүзеге асыру кезеңдерінде оқу процесін мақсатқа лайықты, шынайы, нақты басқаруға жаңа мүмкіндіктер береді. Басқару технологиясында басқару іс-әрекетімен қатар жаңа басқарушылық ойлауды қалыптастыру да қарастырылады. Өзіндік жұмыстар мен тақырыптық, тоқсандық бақылау жұмыстарын деңгейлік тапсырмалар түрінде жүргізу мектептердегі қазіргі кезде пайдаланып жүрген ”5” балдық бағалау жүйесін, жалпы білімді бағалаудың тұжырымдамалық көзқарасын өзгертуді талап етеді. (оқу материалын игеру деңгейлері мониторингі әрбір шағын мақсат бойынша құрылады);

Оқыту жүйесін технологияландыру білім ұйымдарының күнделікті тұрмысына енуі үшін біріншіден, мұғалімдерді жоғары оқу орындарында дайындау жүйесін өзгерту керек, ол үшін теориялық семинарлар оқу процесін технологиялық негізде ұйымдастырған мектептердегі практикамен толықтырылуы тиіс; екіншіден, технологиялық жобалаудың қазіргі теориялардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау керек; үшіншіден, педагогикалық кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесін технологиялық тақырыптағы курстар арқылы өзгерткен жөн; төртіншіден, оқытуды технологияландырудың эксперименттік алаңын құру қажет.

Педагогикалық жүйені технологиялық негізде жобалау проблемасы аумақты және көкейтесті. Біздің пікірімізше, біз анықтаған дидактикалық шарттардың әрбір тобы өз бетімен, жеке ғылыми жұмыстардың зерттеу нысаны бола алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет