Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті



бет18/33
Дата23.08.2020
өлшемі324,27 Kb.
#76615
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
УМК ПРОЕКТИРОВАНИЕ

І - деңгей

  1. Тәжірибенің мақсатын анықтау.

  2. Болжамды анықтап алу және тұжырымдау.

  3. Тәжірибенің жүргізу жоспарын жасау. Мұнда тәжірибенің мазмұнын, жүргізу реті, өлшеуге тиісті шамаларды анықтау, кесте сызу қамтамасыз етілуі тиіс.

  4. Эксперименталдық қондырғымен танысу.

ІІ - деңгей

  1. Құралдар мен материалдарды түгендеп, ретке келтіру.

  2. Өлшеулерді жоспарланған ретпен жүргізу.

  3. Тәжірибелік деректерді өңдеу.

ІІІ - деңгей

  1. Алынған мәліметті талдау. Бұған өлшеу нәтижесі кестелік мәнге есептелген қателік шегіне сәйкес келуін немесе сәйкессіздік себептерін өлшеу қателігінің жүйелі және кездейсоқ бөліктерін анықтау жатады.

  2. Қорытындыларды шығару, жұмысты қорғауға дайындау.

ІV - деңгей

  1. Зерттелетін физикалық процесті басқа тәжірибелік қондырғының көмегімен басқа әдістермен оқып үйренуге бола ма?

  2. Булану жылуының формуласымен есептелетін есептің шартын құрастырып, оны шешу.

Осылайша ақиқатты тану процесі қарапайымнан қүрделіге қарай жүреді, яғни фактілерден (тәжірибелік және теориялық) ұғымдарға, заңдар мен теорияларға,олардан әлемнің ғылыми бейнесінің қалыптасуына көшеді. Міне, физика да осы жолмен оқытылуы тиіс.

Әрине, мұндай өз бетімен жұмыстар дарынды оқушыларға арналады. Тапсырмаларды ойдағыдай орындау жеке даралық және жас ерекшеліктерінен, жалпы даму деңгейінен, оқушының игерген білімі, дағдысы мен іскерлік қорынан байланысты болады, сондықтан шығармашылық деңгейдің тапсырмаларын құрастыру мұғалімнің өзіндік құқына беріледі. Шығармашылық деңгейдің тапсырмаларының мақсаты - оқушының белсенді, өз бетімен, шығармашылықпен ойлауын дамыту болып табылады.

Қорыта айтқанда, әр деңгейлік оқыту жүйесінің физика пәнінің сапасын арттырумен қатар бірқатар тиімді жақтары бар: біріншіден, сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады. екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынымен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады. Үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзін бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібімен мінез-құлқына да тигізер ықпалы зор. Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін жемісті аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге, өздік жұмыс оқушы бойындағы жауапкершілікті оятады. Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының ізденімпаздығы, шығармашылығы дамиды. Сондықтан да оқушыларға жаңа бағытта физика пәнін оқытудың маңызы зор.

Сонымен біз жоғарыда 10-сынып физикасының оқулығының нақты тақырыптарына деңгейлік тапсырмаларды қалай құрастыру керектігін көрсеттік.

Бұл келтірілген деңгейлік тапсырмалар берілген білімді өзбетімен жұмыс істеу арқылы бекітуге арналған, енді қорытынды тақырыптың және тоқсандық деңгейлік бақылау тапсырмалар жүйесі болуы керек, сонда ғана оқушы дамуын үздіксіз қадағалауға (мониторинг құруға) болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет