Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті



бет21/33
Дата23.08.2020
өлшемі324,27 Kb.
#76615
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
УМК ПРОЕКТИРОВАНИЕ


§2 - § №

(Бірінші параграфтағы 1) - 3) пункттер сияқты.)

№1. Түрлі деңгейлік тапсырмадан тұратын өз бетімен орындалатын тақырыптық жұмыс.

(§1 - § № материалдары бойынша)

№1. Түзету жұмысы

№1. Бақылау

Бағалау тізімі (Қосымша А)

Оқушылардың даму мониторингі (Қосымша Ә)


Модуль соңы.

Модульдің өзі ортақ белгілері бар бірнеше параграфты біріктіретін нақты тақырып бойынша білім жүйесін құрайды. Әр параграф жаңа тақырыпты оқытудан басталады. Бұның өзі жаңа түсініктерді өз бетімен меңгеру, ізденіс әрекетін меңгеру сияқты дидактикалық мәселені шешетін сабақтың негізі кезеңі болып табылады. Осы сабақ модулінің әр компонентін бөлек қарастырайық.

1) әр параграфтың материалын меңгеру өз бетімен орындалатын жұмысты ұйымдастырудан басталады. (10-15 мин). Мұндағы тапсырмалар оқушылардың өзіндік танып-білу әрекетіне бағытталған “сұрақ-жауап” түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты меңгерудің бұл кезеңінде оқытудың жеке және жан-жақты (фронтальді) түрлерінің үйлестірілуі арқылы, оқушылардың өз бетімен орындалатын жұмысы әр түрлі және саралап оқыту түрінде жүргізіледі. Сабақ оқушының бұрыннан алған білімінің актуализацияға (өзектілігіне) арналған тапсырмалардан басталады. “Өзектілік” дегеніміздің өзі оқушының өткен білімді осы кезге керек қылып, еске сақтауының белсенділігін арттырып, сүйенетін білімдерімен жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау керектігін көрсетеді.

Алғашқыда бәріне ортақ өткен тақырыпты қайталау тапсырмалары беріледі. Жаңа тақырып бойынша білім болуын талап етпейді, тек оның мазмұнымен логикалық байланысы ғана болады. Біртіндеп тапсырмалар күрделеніп, жаңа мәліметтер қосылып өзгертіле келе жаңа тақырыптың негізгі мазмұнына тіреледі. Бұл жерде оқушылардың ой әрекетін белсендіру мақсатында ізденіс сұрақтары арқылы мәселе туғызып отырады. Бұның өзі жаңа тақырыптың өзекті мағынасын шешуге, білім алудың негізі болуға мүмкіншілік береді. Актуализацияның бұл кезеңіндегі оқушылардың әрекетінің негізгі түрі - оқушылар арасында өзара тексеріс (біздің жағдайымызда - репродуктивті, продуктивті бағытта жасалған оқушылардың жаңа тақырыпты меңгергенін өз бетімен орындаған жұмысынан көреміз).

Жұмыс дәптерінде берілген өз бетімен орындалатын тапсырмалар мен мұғалім сөзінің байланысы қандай?

Мұғалімнің мақсаты - ой туғызу, оқушылардың өз бетімен ойлануына, пікір айтуына, тұжырымдауына өріс беру, яғни оқушының өз ойларымен тұжырымдай алатын нәрсені дайындап айтып бермеу. Мұғалім өз тарапынан көмек көрсетіп отырады: оқушылардың қалай әрекет жасауларын қалай түсіндіру керектігін, өздігінен жаңа анықтама, заң-ережелерді тұжырымдай білуіне бағыттайды.

Мұғаліммен бірге оқушылар мынандай мәселелерді бірігіп шешеді: әр оқушы қандай нәтиже көрсетті, берілген тақырып бойынша кім қандай ереже-заң, анықтамаларды тұжырымдады, солардың ішінде қайсысы жаңа, бұрын танымалы емес екендігін анықтайды. Бұндай сұрақтарға әрине тек мықты оқушылар ғана жауап береді. Басқалары солардың жауаптарын тыңдап өз деңгейлеріне қарай талас-пікірлерге қосылып, қосып-алатындарын айтып отырады. Жаңа тақырып өткенде бөлінген уақытты бақылап, меңгерулеріне қарай қорытып, белсенді қатысқан оқушыларға баға қойылады.

Сонымен, жаңа тақырыпты меңгеру оқушылардың өз күштерімен мұғалімнің басшылығымен немесе мұғалімсіз де болады. Осыдан соң оқушылар оқу модулінің келесі бөліміне кіріседі.

2) әр деңгейлі тапсырманы өз бетімен орындайтын жұмыстар оқушылардың білімін бекітіп, жетілдіруге арналған. Меңгерген тақырыпты қайталау, іс-тәжірибе жүзінде қолдануға арналған тапсырмалар беріледі.

Тапсырмалар үй жұмысын қоса көлемі осы тақырыпты меңгеруге бөлінген уақытқа есептелген. Бұндай сабақтардың маңызды түрлеріне өз бетімен орындалатын жазба жұмысы, жұмыс нәтижелерін коллективті түрде талқылау, диспут, семинар, конференциялар жатады.

Оқушылардың өз бетімен жүргізетін ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру үшін сабаққа қосымша проблемалық жағдайлар туғызу қажет. Проблемалық оқыту дегеніміз - мұғалімнің жалпы басшылығымен білімді меңгеру, ол оқушылардың проблемалық - тапсырмалар жүйесін өз бетімен шешу процесінде өтеді. Оқытудың мұндай түрі - оқушылардың проблемалық ойлану бағытын қалыптастырады. Бұндай ойлану процесінің ерекшелігі оның қандай да болмасын мақсат-мәселені шешуге бағытталғандығында. Қарама-қайшылық, ерекшелік-ізденістің стимулы мен қиындықтың негізі. Ізденістің бірінші кезеңі - бар білімін шығару, бірақ проблемалық жағдайдың міндеті тек белгілі біліммен ғана шешіліп қоймайды. Дұрыс шешім табу үшін жаңа байланыс, жаңа түсінік іздеу қажет.

Ізденудің екінші кезеңі - дәлел жинау, жаңа байланыс, заңдылықтар табу, қарама-қайшылықты шешіп, зерттеліп, ізденіске түскен объектіні түсінуге мүмкіндік беруі. Оқушының өзі туылған мәселені шешуге білімнің жеткіліксіз екеніне көзі жетіп, сол жетіспейтін білімін толтыруға талпынуы өте маңызды. Ал мұғалімнің міндеті оқушыларға өз бетімен үйреніп оқу әрекетінде үлкен табысқа жетуіне ықпал етіп, көмектесу. Бұндай әрекет үрдісінде мықты, орташа, нашар оқушылар әр түрлі мінез-құлық көрсетеді, оларға сараландырылған көмек көрсету қажет. Мықты оқушылар қойылған мақсатты шешуге белсене кіріседі. Олар мұғалім тарапынан көмек қажет етпейді де өз беткейлігін көрсетеді. Орташа оқушылар мұғалімнен көмек күтеді. Мұғалімнің көмегі бұл жағдайда оқушылардың түйсігіне ойлану мен дәлелдеуде логикалық жүйеліліктің негізін, себебін, нәтижесін түсіндіріп, не нәрсесіз ізденіс табысқа жеткізбейтіндігін түсіндіре білуінде.

Білім дәрежесі төмен оқушылар алдымен абыржиды, тіпті өз бетімен орындайтын жұмыстан бас тартады, мұғалімнің тікелей араласуын және көмегін күтеді. Бұндай оқушыларға өз бетімен ізденіс жұмысының үрдісі әр іс-әрекетін дәл көрсетіп жоспарланған бағдарлама жасалып, ізденіс бағытын, көзін көрсету қажет. Сондай-ақ оқушыларды өз іс-әрекеттерін бағалай білуге, өз бетімен ізденіс жұмысының барысын бақылай білуіне, жауаптарымен салыстырып білуге үйрету қажет.

Саралап оқыту жағдайында оқушылар жұмысына басшылық етуде нашар оқушылар да білім жолындағы танып-білу әдісін меңгере алады.

Оқушылардың белсенділігін арттыруда және білім алуда шығармашылық көзқарас тек өз бетімен ізденіс үстінде пайда болады.

Бұндай ізденістің үшінші кезеңі -фактілерді жинаудыңәрекет жүйесі, оларды топтау, әрекетті негіздеу, басты, маңыздыны ерекшелеу, ереже-заңдарды тұжырымдау.

Бұл жағдайда оқушылардың талдау-зерттегіш әрекетінің деңгейі дамиды, өз беттерімен белгісіз нәрсені ашып түсіну ықыласы көрінеді. Өз бетімен танып-білу әрекеті жиі сынға түседі: кейде оқушылар өз-өздерімен бақылаусыз қалады да қателеседі.

Білімді меңгерудің осы үш кезеңіне сай тапсырмалар құрастырылады: Бұндай тапсырмалар құрарда белгілі талаптар қойылады. Біздің жағдайымызда өз бетімен орындалатын жұмыс тапсырмалары проблемалық жағдай (жаңа білім проблемалық сұрақ тапсырма түрінде енгізіледі) туғызу жолымен құралған. Бұл жерде жүретін басты процесс - проблема қою және оны шешу жолдарын іздеу. Бұл жерде психологиялық-логикалық жүйе мұғалімнің әрекетінен бұрын оқушымен байланысты. Оқыту мен тәрбиенің үйлесімділігі оқушылардың проблемасын қою мен шешілуі білімді сенімге айналдыруға әкелетіндігіне негізделген, өйткені бұндай түсінікті меңгеру кезінде оқушының эмоциялық ынтасы, әсерленушілігі байқалады. Білімнің терең меңгерілуі оны тәжірибе жүзінде қолдана білгенде болады.

Оқушылардың танып-білу әрекетіндегі айырмашылық әр деңгейлі, әртүрлі қиындық дәрежесіндегі тапсырмаларды орындауға келгенде білінеді. Оқушылар арасында үш топ бөлініп шығады: жұмысты өз бетімен орындай алатындар, бағыт көрсетуді талап ететіндер және мұғалімнің көмегінсіз әрекет жасай алмайтындар.

Білімді қолдана білу дағдыны меңгеру үнемі әртүрлі әрекетті, ой және тәжірибе әрекеттерін, қайталауды талап етеді. Сондықтан оқу процесінің модулінің екінші элементінде, берілген тақырыпты толық меңгеру үшін іс жүзінде өз бетімен орындалатын жұмыстар арқылы өткен тақырыпты меңгерілгені тексеріліп отырады.

Бірінші, оңай деңгейдегі тапсырмалар сынып оқушыларын жасанды мықты-әлсіз топтарына бөлмеу үшін бәріне де ортақ орындатылады. Өйткені бұл оқу процесін ізгілендіруден туындайтын шарт. Сонымен қатар жалпыға міндетті білім стандартының талабын орындауы да қажетті, төменгі деңгейдегі білімді игеруден басталатынын ескердік. Әр қайсысы жеңіл, І деңгейдегі тапсырманы орындауға міндетті де, ал жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындауға құқылы, сол арқылы өзінің талабын жетілдіріп, білімін көтереді. Әр деңгейлі тапсырманы орындау барысында барлық оқушылар бір мезгілде бастап, әр қайсысы жеке талабына қарай орындайды. Соның ішінде жоғары деңгейлі тапсырманы орындау арқылы оқушылар тапсырма деңгейіне сай балл алады: 1 деңгейге - 5 балл; 2 деңгейге - 10 балл; 3 деңгейге - 15 балл. Өз бетімен орындалатын жұмыстар деңгейлі болуы үй жұмысын ұйымдастырып реттеуде үлкен мән береді. Барлық төрт деңгейдегі әр параграф тақырыбын меңгеруге қажетті тапсырманы оқушылардың сабақ үстінде орындауға мүмкіншілігі жоқ. Әр деңгейлі тапсырманы (әркім шамасына қарай) бітіруге мүмкіндік (сабақтан тыс уақытқа беріледі)мұғалімнің, мықты оқушылардың немесе ата-аналардың көмегімен сабақтан тыс уақытқа беріледі. Сөйтіп оқушылар тапсырманы аяқтауға мүмкіндік алады. Сабақ үстінде тек 1 деңгейдегі тапсырманы ғана орындап үлгерген оқушыларға 2, 3 деңгейдегі тапсырма үй жұмысы болып есептеледі.

Ал 2 деңгейдегі тапсырманы орындағандарға 3 деңгей үй жұмысы болады т.с.с. жоғары деңгейге жеткенше орындай береді. Әр деңгейлі есептерді шығару қорытындысы келесі сабақта балл саны оқушылардың өздері үлгерім мониторингінде белгіленеді.

Біздің тәжірибемізде, бұндай әрекеттің балаларды тапсырманы орындауда ұқыптылыққа үйретеді, олардың оқу белсенділігін қажетті деңгейде ұстап, ынтасын арттырып, жауапкершілік пен тәртіптерін қалыптастырады. Сонымен, әртүрлі деңгейлі тапсырмалы, өз бетімен орындауға арналған жұмыстар білімді, дағдыны қалыптастырады.

Осылайша, §1 тақырыбын өз бетімен меңгеруді аяқтай отырып, меңгерудің қорытындысы шығарылып, оқушының жеке мониторингінде оның жинаған балына қарай орны белгіленеді. Берілген модулдің басқа §§ тақырыптары да осы схема бойынша оқылады.

Енді, барлық параграфтар тақырыптарын оқушылар өз бетімен меңгерген соң, мұғалім қорытынды өз бетімен жұмысты барлық өткен тақырыптар бойынша өткізеді.

Бұндай жұмыстың тапсырмалары барлық өткен өз бетімен орындалатын жұмыстарды қорытындылайтын, біріктіретін болады.

Қорытындылау өз бетімен жұмыс берерде оқушыларды сабаққа дайындау қажет. Бұл өткен тақырыпты ауызша қайталауды, орындайтын жұмыстың көлемін, мазмұнын түсіндіруде, мақсаты мен орындау бағытын түсіндіруді қамтиды. Оқушыларға тапсырманы меңгеруге, орындау талаптарын анықтауға уақыт беріледі. Содан соң мұғалім оқушылардың меңгергендіктерін, тапсырма талаптарын түсінгендіктерін тексеріп өтеді. Қажет болған жағдайда қосымша түсінік береді.


  • Бағалау қалай жүргізіледі?

Әр деңгейдегі тапсырманы орындаған сайын оқушылар оларды + белгісімен жеке бағалау ведомостілерінде белгілеп отырады (Қосымша А) және тақтада “плюс кассасы” ретінде ілулі тұрған жалпы ведомостіге белгі қояды. Бұны жарысу қарқыны үшін және белгіленген тақырып бойынша нақты білімдерін белгілеп, бағалап білулері үшін іледі.

Осыған орай сабақ соңында мұғалім барлық модуль көлеміндегі тақырып бойынша оқушылардың меңгеру деңгейін анықтайды. Мұғалім өзі үшін, сабақтан тыс мезгілде белгілі тақырыпты осал меңгерген оқушыларды “сүйреу” үшін әр тақырыптан мониторинг ұйымдастырады.

Келесі сабақта коррекция жұмысы, қателерді түзету жұмысы өткізіледі.

Мұғалім мықты оқушылармен бірге нашар, орташа оқушыларға жіберген қателеріне талдау жасап, қиын тақырыптарды ұғындырады.

Соңғы сабақ: Тақырыптық бақылау жұмысы. (барлық параграфтық тақырыптары бойынша). Тапсырманы орындау барысы, нәтижесі қатал бақыланып, мұғалім бағасын шығарады.

Бақылау нәтижесінде балл саны қателеріне қарай төмендетіледі. Сондықтан, оқушылардың даму-меңгеру мониторингіндегі соңғы көрсетілген деңгейден бақылау қорытындысы төмен болуы да мүмкін. Себебі оқушы тапсырманы таза жеке, өз алдына, мұғалімнің көмегінсіз орындағандықтан болады. Түзету мен бақылаудың бұндай түрін біз оқушылардың жеке қабілетіне қарай модулдің барлық тақырыбын меңгеруде, алған білімін, білім дәрежесін көрсетіп, объективтік баға береді деп түсінеміз.

Төменде “Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары” тақырыбындағы модуль мазмұны берілген. Сабақ 6 сағатқа арналған, 5 параграфтан тұрады. Модульдің мақсаты: Өз бетімен танымдық қызметі нәтижесінде молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын тұжырымдап, зат құрылысы мен оның қасиеттерінің ерекшеліктерін сипаттау.
(Модуль 1) Тақырып: Молекула-кинетикалық теорияның негіздері.

§ 1 Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары.

1.1. Өз бетімен білім алу. 7-ші сыныпта өтіп кеткен материалдарды қайталай отырып, жаңа тақырыпты меңгеруге жетелеу үшін құрылған сұрақтар қойылады [76-78].


  1. Зат құралған бөлшектер қалай аталады?

_____________________________________________

  1. Молекулалар неден түзіледі?

_____________________________________________

  1. Жас жусанды бөлмеге алып келгенде, иісі бөлмені алып кетеді. Неліктен иіс ауада тарайды?

__________________________________________

  1. Марганцовканың бір түйірін шыны пластинканың үстіне қойып, оған бір-екі су тамшысын тамызса және осы құбылысты ыстық сумен қайталаса қандай құбылыс байқалады?

_________________________________________

  1. Байқалған құбылысты түсіндіріп, мысалдар келтіріңдер.

_________________________________________

  1. Заттың молекулалық құрылысы тұрғысынан диффузия құбылысы қалай түсіндіріледі?

__________________________________________

  1. Қатты және сұйық денелер неге өз-өзінен жеке молекулаларға ыдырап кетпейді?

__________________________________________

  1. Бір-біріне түйістіріп қосқанда неге екі кесек бор жабысып бірікпейді, ал екі кесек пластилин жабысып бірігіп кетеді.

__________________________________________

  1. Осы айтылған жауаптарды қорытындылап, молекула мен атомдарға қатысты үш қасиетті бөліп алсаңыз, молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары шығады.

1 __________________________

2 __________________________

3 __________________________

Мұндай заңдылықтарды көбіне жақсы оқитын оқушылар бірден қорытып шығарады. Тақтаға жазып көрсетеді.

Есте сақтаңыз!


Молекула

Химиялық құрамын түгел сақтайтын заттың ең кішкентай бөлігі.



¯

Молекула

кинетикалық теорияның негізгі қағидалары.



¯

  1. Барлық заттар (денелер) өте ұсақ бөлшектерден яғни атомдардан және молекулалардан тұрады.

  2. Атомдар мен молекулалар үздіксіз қозғалыста болады. Бұл қозғалыс еш уақытта, ешқандай жағдайда тоқталмайтын, “мәңгілік” болады.

  3. Ұсақ бөлшектер өзара әсерлеседі.




Әрбір қағида тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Кез-келген атом диаметрі Д»10-8см.

Осындай тапсырмаларды 10 минутта аяқтап, оқулықтағы екінші тақырыпқа көшеді, оған 15 минуттай уақыт беріледі.

§ 2 Молекулалар массасы. Зат мөлшері.

Атом мен молекула массаларының айырмашылықтары қандай физикалық шамалармен сипатталады - олар: үш физикалық шама және бір тұрақты сан. Бұл шамаларды 8-9 сыныптың химия курсынан оқушы білетінін мұғалім еске салады.



  1. Салыстырмалы молекулалық немесе атомдық масса (Мr )

  2. Зат мөлшері (V)

  3. Авогадро саны (NA)

  4. Молярлық масса (M)

Химия курсынан өтіп кеткен материалдарды еске түсіре отырып, жаңа тақырыпты меңгеруге жетелеу үшін құрылған сұрақтар беріледі:

  1. Көміртегінің оттекті бір қосылысының молекулалық массасы 44-ке тең. Осы қосылыстың молекулалық формуласын жазыңыз.

_________________________________________________

  1. Қант молекуласы көміртегінің 12 атомынан, сутегінің 22 атомынан, оттегінің 11 атомынан құралады. Қанттың химиялық формуласын жазыңыз және оқыңыз. Қанттың молекулалық массасын табыңыз.

(Ол үшін мұғалім химия курсындағы салыстырмалы молекулалық массаны қалай есептегендерін және оның анықтамасын еске түсіруі қажет) [76].
Ескеру!


Заттың молекулалық құрамындағы элементтің салыстырмалы атомдық массаларын қосу арқылы заттың (Мr) салыстырмалы молекулалық массасын есептеуге болады.




Салыстырмалы молекулалық немесе атомдық массасы Мr дегеніміз берілген зат молекуласының (не атомының) m0 массасының көміртегі атомы массасының іне қатынасы болып табылады.

(1)

ІІ. 1. 45 г суда судың неше молі болады?

_____________________________________________

2. Есептегендеріңізді формула түрінде жазып көріңіз (оқушылардың жазғанын мұғалім тексере келе тақтаға жазады).

_______________________________________________

Еске сақта!



Зат массасының оның мольдік массаға қатынасын

Зат мөлшері деп атап, (V) әрпімен белгілейміз. (2)



3. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі қандай?

_______________________________________________



  1. ІІІ. 1. Авогадро заңын еске түсіріңіз.

2. 1 моль суда судың қанша молекуласы бар?

_______________________________________________



  1. Алдыңғы (2) сұраққа байланысты Авогадро санына анықтама беріңіз.

_______________________________________________

  1. 1. (2) формулаға байланысты мольдік массаның өлшем бірлігін жазыңыз және мольдік массаға анықтама беріңіз.

______________________________________________
Есте сақтаңыз!

Молярлық масса (М) деп, бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасын айтамыз. M=m0N0 (3) мұндағы m0 - берілген заттың бір молекуласының массасы. Молярлық масса мен салыстырмалы атом массасы арасындағы байланыс M=103 Mr кг/моль.




m=N×m0 - берілген заттың массасы.

(1), (2), (3), формулалар салыстырмалы молекулалық массаның, зат мөлшерінің, молярлық массаның анықтамаларын беретіні айтып түсіндіріледі. Бұдан соң оқушылардан келесі формулаларды өздері қорытуын сұралады).



  1. (N) молекулалар санын а) (V) зат мөлшері мен б) (M) молярлық массамен байланыстыратын формуланы қорытып шығарыңыз.

_______________________________________________

  1. Қорытылып шығарылған зат мөлшерінің формуласының оқылуын жазыңыз.

_______________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет