Жоба тапсырмаларының шешуге арналған әдістемелік ұсыныстар: 1) Тапсырманың мәтінін оқығаннан кейін, теориялық және технологиялық негіздерді, істің тақырыбы бойынша соңғы мәліметтерді анықтау үшін анықтамалық кітаптарды, интернет-ресурстарды, кәсіпорын құжаттамаларын және басқа да ғылыми-техникалық ақпараттарды қолдана отырып, қысқаша әдеби шолу жасау қажет.
2) Алдымен іздеу реті туралы ойланып, тақырып бойынша әдебиет көздерінің тізімін құруға кірісу керек. Сонымен қатар, оқулықтарға, монографияларға, анықтамалықтарға, стандарттарға шолу жасап, содан кейін мерзімді басылымдарға (ғылыми журналдар, диссертация тезистері, патенттер және т.б.) шолу жасау ұсынылады.
3) Әдебиеттерге шолу қағаз беттерінде және интернет ресурстарында жүргізілуі керек.
4) Ақпараттың негізгі көзі электрондық библиографиядан және деректі мәліметтер базасы Web of Science (WoS), Web of Knowledge (WoK), Scopus, Springer, Google Scholar және т.б болуы керек
5) Әдебиеттерге шолу жасалғаннан кейін аналитикалық жазбаны жазуға негіз болатын материалдарды анықтау керек.
6) Аналитикалық жазбаның мәтінін құрастыру кезінде мәтінді қысқа және нақты етіп құру қажет.
7) Аналитикалық жазбаның мәтіні келесі негізгі бөліктерді қамтуы керек: тудындаған мүмкін болатын факторларды көрсете отырып, мәселені талдау және әдебиетке сілтемелер жасау; әдебиетке сілтемелермен бірге мәселені шешудің нұсқалары; нақты өндірістік жағдайларға, мүмкін болатын техникалық-экономикалық көрсеткіштерге, пайдаланылатын дерек көздерінің тізбесіне неғұрлым сәйкес келетінін нұсқаларды таңдай отырып, талдау;
8) Пайдаланылған дереккөздердің тізімі көп болмауы керек, 3-5 сілтеме жеткілікті.
9) Аналитикалық жазба аяқталғаннан кейін презентация дайындалады.
Мәтіндік құжатқа қойылатын жалпы талаптар Кегль: баспаханалық қаріптің өлшемі, яғни әріптің биіктігі, әдеттегідей жол үсті, жол асты элементтерімен (керткен таңбалармен) келеді. Тармақпен өлшенеді. Жоларалық интервал: екі шектес жол (әріптің негізгі бөлігінің төмен және жоғарғы шеттерінен пайда болған сызықтыр) қаріптің төмен және жоғарғы сызықтарының арасындағы ара қашықтық. Жоларалық интервал тармақтарда беріледі, әдеттегідей қаріптің кеглінен 10-20% үлкендеу. Егер қаріптің өлшемі 10 тармақ болса, оңтайлы жоларалық интервал 12 тармақты құрайды. Жұмыстың кезекті жоспарын құру бұл логикалық тұрақтылықты және тақырып материалының мазмұнын ашуға көмектеседі.
Құжат мәтінінің аяғында оны құру кезінде қолданылған пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі құжаттың мазмұнына кіреді. Пайдаланылған әдебиеттер туралы мәліметтер құжат мәтінінде сілтемелердің болу тәртібіне байланысты орналасады, нүктесіз арап сандарымен нөмірлеп және азат жол шегінінісінен бастап жазу қажет Егер құжат мәтінінде әдебиеттерге сілтемелер жоқ болса, онда пайдаланылған әдебиеттер тізімін әліпби тәртібінде орналастыру қажет.
Құжат мәтінін қажет болған жағдайда, бөлімдер және бөлімшелерге бөледі. Бөлімдер құжат азат жол шегінісінен бастай отыра нүктесіз, араб сандарымен белгіленген реттік сандары болуы тиіс. Бөлімшелер әрбір бөлімнің шегінде нөмірленген болуы тиіс. Бөлімшенің нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің және бөлімшенің нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тармақшалардан тұруы мүмкін.
Бөлімдерде барлық құжат шегінде реттік нөмірлері болу қажет, олар нүктесіз арап сандарымен белгіленген және азат жол шегінісінен бастап жазылуы керек. Бөлімшелер әрбір бөлім шегінде нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім мен бөлімше нөмірінен тұрады. Атаулар тараулардың мазмұнын анық және қысқа қамтуы тиіс. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тараулардан тұруы мүмкін.
Егер құжатта бөлімшелер болмаса, онда тараулардың нөмірі әрбір бөлім шегінде болу қажет, және тарау нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім мен тарау нөмірінен құралуы қажет.
Мәтінде (әдетте, тарау немесе тараушалар ішінде) атап көрсетулер келтірілуі мүмкін. Атап көрсетулерді мәтінде тек бірінші жолда ғана қолданылатын азат жол шегінісімен ерекшелейді.
Әрбір атап көрсетілетін мәтіннің алдынан дефис қойылады. Егер мәтінде бір немесе бірнеше атап көрсетулерге сүйену қажет болса, онда әрбір атап көрсетудің алдынан дефис орнына әлипби реті бойынша келтірілген әріп қойып, ал одан кейін жақша қойылады.
Атап көрсетілетін мәтінді ары қарай нақтылау үшін арап сандары пайдаланылады, олардан кейін жақша қойылады, оларды атап көрсетуге қатысты екі белгіге оңға қарай ығыстырылып келтіріледі.
Атап көрсетудің соңында нүктелі үтір немесе нүкте қойылады. Әрбір атап көрсетудің жаңа позициясы кіші әріптен немесе бас әріптен басталады.
Бөлімдердің, бөлімшелердің тақырыптары болу қажет. Әдетте, тарауларда тақырып болмайды.
Тақырыптар бөлімдер мен бөлімшелердің мазмұнын нақты және қысқа бейнелеу қажет. Тақырыптар бас әріппен, азат жол шегінісінен, аяғында нүктесіз, астын сызбай жазылу қажет.
Тақырыптардағы сөздерді тасымалдау рұқсат етілмейді. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен ажыратады.
Бөлім мен бөлімшерлер тақырыбын машиналық тәсілмен орындаған кезде жартылай қалың қаріппен орындау рұқсат етіледі. Бөлім тақырыбы мен мәтін арасындағы, сонымен қатар бөлім мен бөлімшелер тақырыбы арасындағы, бөлімшелер мен мәтін арасындағы ара қашықтық қолмен жазып орындаған кезде – 15 мм, машинамен басқанда екі жоларалық интервалға (екі бос жолға) тең болу қажет. Бөлімше тақырыбы мен мәтін ара қашықтығы қолмен жазып орындаған кезде – 8 мм, машинамен басқанда бір бос жолға тең болу қажет.
Тақырып және одан кейінгі мәтін бір парақта орналасуы қажет. егер оның астында мәтін жоқ немесе бір ғана жол орналасса, онда бөлімнің және (немесе) бөлімшенің тақырыбын парақтың төменгі жағында орналастыруға рұқсат етілмейді. Тақырыпты бір парақтан екінші параққа тасымалдау рұқсат етілмейді.