Пән: Компьютерлік жүйелер мен желілер
Мамандық: ««6В06101-Информатиика»
Курс: 3
Оқыту формасы: Күндізгі бөлім, қазақ бөлімі
Оқытушы: аға оқытушы Таурбекова А.А.
ЖОБА ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. «Ғимаратқа бейнебақылау жүйесін орнату»
Заман ағымымен пайда болған бейнебақылау камералары қорғанысты қалыптастыра отырып, бейнелік қолжетімділікке жол ашты. Бейнебақылау жеке бастың қауіпсіздігі ғана емес, сонымен қатар тұрақтылық және материалдық байлықтыда ескереді.
Бейнебақылау жүйесі және желісін құруға кіріспе. Бейнебақылау желісін құруда қажетті құрылғылар. Бейнебақылау желісін құру алгоритмі. Бейнебақылау жүйесінің жалпы сызбасын құру. Білім беру саласындағы ролі.
2. «Мектеп ғимаратының жергілікті желісін құру»
Компьютерлер арасындағы байланыстар байланыс арналары бойымен қосылған арнайы сыртқы құрылымдар − желілік адаптерлер арқылы орнатылады. Желінің компьютерлері желілік адаптерлер және байланыс арналары арқылы бір-бірімен хабарламалар алмасу арқылы өзара байланысады. Осы хабарламалардың көмегімен көбінесе бір компьютер екіншісінің жергілікті ресурстарын пайдалануға рұқсат сұрайды. Ондай ресурстар ретінде дискіде сақталған деректер, принтерлер, модемдер, факс-аппараттар сияқты әртүрлі сыртқы құрылымдар болуы мүмкін. Желідегі әрбір компьютердің жергілікті ресурстарын қолданушылар арасында бөліп, ортақ пайдалану − есептеу желілерін құрудағы негізгі мақсат.
Мектеп ғимаратының жергілікті желісін құруға кіріспе. Мектеп ғимаратының жергілікті желісін құруда қажетті құрылғылар. Мектеп ғимаратының жергілікті желісін құру алгоритмі. Мектеп ғимаратының жергілікті желісін жалпы сызбасын құру. Білім беру саласындағы ролі.
3. SMART технология. «Ақылды дүкен желісін құру»
Бүгінгі жаһандану заманында қоғам жалпы цифрландыруға көшіріліп, адамдар құрылғылардың көмегімен көптеген жетістіктерге жетуде. SMART білім беру өзгермелі әлем жағдайында тұлғаның даму деңгейін көтеріп, мүмкіншіліктерін кеңейтуге жағдай жасайды. Халықтың әлеуетін арттырып, сауатын ашуға таптырмас құрал.
Ақылды дүкен желісін құруға кіріспе. Ақылды дүкен желісін құруда қажетті құрылғылар. Ақылды дүкен желісін құру алгоритмі. Ақылды дүкен желісінің жалпы сызбасын құру. Білім беру саласындағы ролі.
Бағдарламалық қамтамасыз ету: Cisco packet tracer
Достарыңызбен бөлісу: |