Физика, математитика және цифрлық технологиялар институты информатика және қолданбалы математика кафедрасы «Бекітемін»


«Қашықтықтан оқыту» технологиясы - инновациялық технологияның бір элементі



бет5/8
Дата23.09.2022
өлшемі45,71 Kb.
#150528
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЖОБА КЖжWeb-технология

8. «Қашықтықтан оқыту» технологиясы - инновациялық технологияның бір элементі
Бүгінгі күнде əлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болғандықтан, қашықтықтан оқыту технологиясы — білім алушылар мен оқытушылар арасында оқу үрдісі кезінде интерактивті өзара пікір алмасуда жүзеге асырылып, оқу материалдарын білім аушыларға негізгі бөлігін жеткізуді қамтамасыз етуге, тақырыпты меңгеруге, сондай-ақ білім алушылардың берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен жұмыс істеулеріне жағдай туғызатын ақпараттық технология. Қазіргі таңда қашықтықтан оқытудың құралы — виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет.
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
- заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;
- сапалы білім алу;
- интерактивті әрекеттесу формалары;
- уақытты үнемдеу;
- ыңғайлы уақытта оқу;
- денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ;
- территориялық шектеулер жоқ.
Қашықтықтан оқыту жүйесі мен желісіне кіріспе. Қашықтықтан оқыту жүйесі мен желісін құрудағы ерекшеліктер мен қиындықтар. Қазахстанның жоғары оқу орындарына ұсынылған қашықтықтан оқыту платформалары. Қашықтықтан оқыту платформаларының бір-бірінен айырмашылықтары, артықшылықтары, кемшіліктері. Қазіргі уақыттағы «Универ жүйесі» мен студенттер байланысы, артықшылығы мен кемшілігі. Білім беру саласындағы ролі.
Бағдарламалық қамтамасыз ету: қашықтықтан оқытудың заманауи платформалары

9. Корпаративті почта құру.


Жергілікті және ғаламдық есептеу желілеріндегі электрондық пошта. Электрондық пошта түсінігі. INTERNET желісінде электрондық пошта қызметін ұйымдастыру. Жергілікті желідегі электрондық пошта қызметін ұйымдастыру. Пошта бағдарламаларының көмегімен іс жүргізу жұмысын ұйымдастыру. Microsoft Outlook Express пошта бағдарламасы. Корпаративті почта құру.
Бағдарламалық қамтамасыз ету: Microsoft Outlook Express

10. Сайт макеті мен дизайнін жобалау.


WEB-графика негіздері. Веб-графика ерекшеліктері. Сайтқа графиканы орналастыру. Веб-беттер мен сценарийлердің интерактивті элементтері. Web-беттерді рәсімдеу кезіндегі графикалық форматтар. Web-беттерді әзірлеу құралдары. Web-дизайн элементтері.
Бағдарламалық қамтамасыз ету: HTML, PHP, Perl, заманауи сайт жасайтын дайын шаблондарды қолдануғада болады.

11. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистральдық желісін құру.


Коммутаторларға негізделген жергілікті желілер құру. Хабтар мен маршрутизаторларды коммутаторлармен ауыстыру үрдісі. Жергілікті желілерде кадрларды ауыстыру технологиялары (frame switching). Ортақ деректер орталарына негізделген дәстүрлі технологиялардың (Ethernet, Token Ring) шектеулері. Дәстүрлі технологияларды қолданатын жергілікті желілердің сегменттері мен түйіндерін ауыстыру принциптері. Жергілікті желілердің толық дуплексті (full-duplex) хаттамалары - тек кадрларды ауыстыруға бағытталған. Cisco Systems Catalyst коммутаторлары. SMC компаниясының EliteSwitch es/1 коммутаторы. 3Com компаниясының жергілікті желілерінің коммутаторлары.Жергілікті желілерге арналған АТМ коммутаторларының мысалдары.
Бағдарламалық қамтамасыз ету: Cisco packet tracer

12. Кәсіпорынның корпоративтік ақпараттық жүйесін жобалау.


Мекенжай кеңістігін, DNS жүйесін дамыту. Домен құрылымын дамыту. (құрылым графикалық немесе мәтіндік түрде көрсетіледі), компьютерлер, пайдаланушылар, жұмыс топтары, корпорацияның ұйымдық құрылымына сәйкес ұйымдық бірліктер. Клиенттік станцияларды және серверлік жабдықтарды олардың функционалдық мақсатына сәйкес (ерекшеліктерін көрсете отырып) аппараттық Растауды таңдауды негіздеу. Қызметтерді растау сипаттамасы: доменді қолдау және басқару, DNS, DHCP, веб-қызметтер, корпоративтік пошта (тек ағымдағы түрдегі маңызды параметрлер келтірілген).
Бағдарламалық қамтамасыз ету: Microsoft Outlook Express



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет