Физика материя қозғалысының жалпы және қарапайым формаларын және қасиеттерін зерттейтін ғылым



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі25,96 Kb.
#90054
  1   2   3   4
Байланысты:
1 Лекция


Слайд 3
Физика – материя қозғалысының жалпы және қарапайым формаларын және қасиеттерін зерттейтін ғылым.
Табиғаттағы әрбір нәрсе материялық қозғалыста болады. Материя қозғалыстың механикалық, молекулалық, электромагниттік, оптикалық, атомдық және ядролық формалары бар.
Физика – табиғаттың алуан-түрлі құбылыстары мен тәжірибелерге негізделген ғылым. Табиғат құбылыстары физикалық шамалар арқылы сипатталады. Физикалық шамалармен тәжірибе жасау негізінде физикалық заңдар ашылады.
ФИЗИКА — өріс пен заттың жалпы қасиеттерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым. Физика — табиғат жөніндегі жетекші ғылымдардың бірі. Ол басқа да жаратылыстану ғылымдары сияқты ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Физика пәнінің мақсаты – табиғаттың жалпы заңдарын іздеу және солардың негізінде нақты процестерді түсіндіру.

Слайд 4
Механика – механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және оны тудыратын немесе өзгертетін себептерді зерттейтін физиканың бір бөлімі.


Механикалық қозғалыс – уақыт өтіуіне байланысты денелердің бір-біріне қатысты орын ауыстыруы. Механика зерттелетін қозғалыстың сипатына қарай: кинематика, динамика және статика болып үш түрге бөлінеді.
Кинематика – қозғалысты тудыратын немесе оны өзгертетін себептерге тәуелсіз қозғалыс заңдылықтарын қарастыратын механиканың бөлімі.
Динамика – қозғалысты тудыратын немесе оны өзгертетін себептерге байланысты қозғалыс заңдылықтарын қарастыратын механиканың бөлімі.
Статика – тыныш тұрған денелер арасындағы өзара әсерді зерттейтін механиканың бөлімі.

Слайд 5
Денелердің немесе олардың бөлшектерінің уақыттың өтуіне байланысты кеңістіктегі орындарының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады. Табиғатта мұндай қозғалысқа аспан әлеміндегі денелердің қозғалысы, Жер қыртысының тербелуі, мұхит-теңіздер мен ауадағы ағындар тербелісі; техникада – ұшу аппараттарының, көлік құралдарының, әр алуан механизм бөліктерінің қозғалысығимараттар элементтерінің деформациясы, сұйықтықтар мен газдардың қозғалыстары, т.б. жатады. Әдетте, Механика деп Ньютонның механикалық заңдарына негізделген жарық жылдамдығынан әлдеқайда төмен жылдамдықпен қозғалатын кез келген материалдық денелердің қозғалысын сипаттайтын классикалық механиканы айтады. Механикада материалдық денелердің қозғалысын зерттегенде олардың негізгі қасиеттерін сипаттайтын абстракты ұғымдар пайдаланылады:



  1. материалдық нүкте – массасы бар, геометриялық өлшемдері ескерілмейтін дене; Қозғалыс қашықтығымен салыстырғанда берілген дененің өлшемі мен пішіні өте кіші болса, оны материялық нүкте ретінде қарастыруға болады.

  2. абсолют қатты дене – кез келген екі нүктесінің ара қашықтығы барлық жағдайда тұрақты дене;

  3. өзгермелі тұтас орта – қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қозғалысын зерттегенде олардың молекулалық құрылымын ескермеуге болатын жағдайда қолданылатын ұғым.

Материялық нүктенің қозғалыс күйі санақ денесі деп аталытын кез келген таңдап алынған денемен салыстырылып қарастырылады. Санақ денесімен байланысқан координаттар жүйесі мен сағат жиынтығын санақ жүйесі деп атайды.

Слайд 6



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет