Физика пәні бойынша 9 сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы



бет1/12
Дата23.10.2023
өлшемі5,16 Mb.
#187489
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
печать дайын 9бжб


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ

Физика пәні бойынша 9 сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы

Тараз - 2020 ж.

ӘОЖ 53 (07)
КБЖ 22.3р30
Б17
Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің
Әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған (хаттама № 3 19.06. 2020 ж.)

Пікір жазғандар:
Е. С Мусабеков –Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Физика-математика» кафедрасының доценті, ф-м.ғ.к.;
Авторлары: А.Б Байболатов , Г.А Аташова
Физика. «ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ» жалпы білім беретін мектептің 9-сынып мұғалімдеріне арналған .
Тараз қ., 2020 ж. -53 бет

ISBN
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқада мүдделі тұлғаларға арналған.
ӘОЖ 53 (07)
КБЖ 22.3р30
Б17
© Жамбыл облысы білім басқармасының
оқу - әдістемелік кабинеті




Мазмұны

  1. Кіріспе ......................................................................................................4

  2. «Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.................. .............5

  3. «Астрономия негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............9

  4. «Динамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау................ 12

  5. «Сақталу заңдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау..................15

  6. «Тербелістер мен толқындар»

бөлімі бойынша жиынтық бағалау....................................................18

  1. «Атом құрылысы және атомдық құрылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау....................................................................................22

  2. «Атом ядросы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау............................25

  3. «Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бөлімі

бойынша жиынтық бағалау...................................................................28

  1. І Тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы..............................32

13. ІІ Тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы............................38
14. ІІІ Тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы...........................44
15.IV Тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы............................49
16. Әдебиеттер тізімі..................................................................................53





Кіріспе
Жалпы орта білім беретін мектептердің физика пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік жинақ. Бұл оқу-әдістемелік жинақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес физика пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жиынтық бағалау тапсырамасы даярланды. Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.
Әдістемелік жинақтың басты мақсаты- оқушының қоршаған ортаға бейімделуі мен әлеуметтенуі үшін қажетті ғылыми таным, құзыреттілік қабілеттері мен тәжірибе дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі тапсырмалар: сапалық, эксперименттік, шығармашылық ойлау және графикалық есепетер жинақталған.
Бұл оқу әдістемелік жинақта 9-сынып білім алушының «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Тапсырмалары әр бөлімнің оқу мақсаттарына сәйкестендіріліп, оқушылардың жасерекшеліктерін ескеріліп, 20-25 минутта өз беттерінше орындауға есептеліп жасалынған және көп жауапты, толық жауапты, қысқа жауапты тапсырмалардан құралған. Бөлімнің ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар енгізілген. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет