ТЕРМОДИНАМИКАНЕГIЗДЕРI Термодинамика денелердiң әртүрлi қасиеттерiн және зат күйiнiң өзгерiстерiн зерттейді. Термодинамика денелер мен табиғат құбылыстарының тек макроскопиялық қасиеттерiн зерттейдi. Термодинамика — жылулық қозғалыстың, жүйенiң физикалық қасиеттерiне тигiзетiн ықпалын энергетикалық тұрғыдан қарастыратын ғылым.
Термодинамикалық зерттеу термодинамиканың екi заңына (бастамасына) негiзделген. Термодинамиканың 1-шi бастамасы жүйедегі физикалық құбылыстарды энергияның сақталу заңы тұрғысынан қарастырады, ал 2-шi бастамасы табиғатта, денелерде болатын өзгерiстер мен құбылыстардың қай бағытта өздiгiнен жүретiндiгiн көрсетедi.
Термодинамиканың бiрiншi бастамасы. Ішкi энергия негiзiнен екi түрлi процестiң: дененiң жұмыс iстеуiмен, денеге берiлген жылу мөлшерiнiң есебiнен өзгередi. Жұмыс жүйеге әсер етушi сыртқы денелердiң орын ауыстыруымен байланысты. термодинамикалық жүйеге сырттан берiлген жылу оның iшкi энергиясын арттыруға және жүйеге әсер ететiн сыртқы күшке қарсы жұмыс iстеуге жұмсалады. Математикалық түрде былай жазылады:
δQ=dU+ δA. (40)
Мұнда δQ — жүйеге сырттан берiлген жылу; dU — iшкi энергия өзгерiсi; δA — термодинамикалық жұмыс. Термодинамиканың 1-шi заңын жылу құбылыстары үшiн энергияның сақталу заңы деп атайды.
Термодинамиканың екінші бастамасы. Табиғаттағы нақты процестердің бағытын термодинамиканың екінші бастамасы анықтайды. Термодинамиканың 2-шi заңы жұмыс пен жылудың бір-біріне эквивалентті шамалар болғанмен, олардың сапа жағынан тең еместігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, жұмыс өздігінен әруақытта жылуға айнала алады, ал жылу сыртқы әсерсіз өздігінен жұмысқа айналмайды. Термодинамиканың екінші бастамасы статистикалық заң болғандықтан, жүйенің термодинамикалық тепе-теңдіктен ығысуы, яғни флуктуациясы заңдылық деп түсінеді.
(41)
(14) теңдеу термодинамиканың. II заңының математикалық өрнегі болып табылады да Клаузиус теңсіздігі деп аталады.
НАҚТЫ ГАЗДАР Нақты газ күйi молекулалардың түрлерiне, әсерлесу потенциалына байланысты. Молекулалардың әсерлесу потенциалы олардың ара қашықтығына, бiр-бiрiне қандай бұрышпен қозғалатындығына байланысты анықталатын өте күрделi шама. Нақты газ күйiн сипаттайтын теңдеу мына түрде жазылады:
(42)
Бұл теңдеу 1 моль газ үшiн берiлген Ван-дер-Ваальс теңдеуi. Мұндағы a, b — Ван-дер-Ваальс түзетулерi. a — молекулалардың тартылу күшiне, b— тебiлу күшiне байланысты, әртүрлi газдар үшiн олардың шамасы әртүрлi. Нақты газдың iшкi қысымы өзара әсерлесетiн молекулалардың табиғатына да байланысты.
Ван-дер-Ваальс теңдеуiнiң ерекшелiгi, заттың әртүрлi фазаларының болатындығын, фаза алмасу процесiнiң қалай жүретiндiгiн, заттың сындық күйiн, сындық параметрлерiн көрсетедi. Нақты газдардың iшкi энергиясы молекулалардың iлгерiлемелi қозғалысының кинетикалық энергиясы мен олардың ара қашықтығына байланысты потенциалдық энергиясынан тұрады. Ал кинетикалық энергия температура, потенциалдық энергия, көлем өзгерiсi арқылы анықталады.