Физика пәніне қазақ тілінде тест сұрақтары



бет27/36
Дата07.02.2022
өлшемі5,1 Mb.
#88769
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Байланысты:
812 fizik-testent-

27 нұсқа



1. Дене тұрақты 10 жылдамдықпен қозғалғанда, 2 сағатта жүретін жол
A) 200 км
B) 72 км
C) 108 км
D) 36 км
E) 100 км

2. Табиғаты гравитациялық күшті табыңыз
A) Дөңгелеу үйкеліс күші.
B) Жіптің тартылу күші.
C) Ауырлық күші.
D) Тіреудің реакция күші.
E) Сырғанау үйкеліс күші.

3. Автомобиль двигателін сөндіріп, төбеден түскенде...
A) төбеде болғандағы потенциалдық энергия есебінен қозғалады.
B) соққан желдің кинетикалық энергиясы есебінен қозғалады.
C) деформацияланған жолдың потенциалдық энергиясы көмегімен қозғалады.
D) ауаның ішкі энергиясы есебінен қозғалады.
E) дөңгелектердің потенциалдық энергиясы есебінен қозғалады.

4. Қандай конденсатордың сиымдылығы 1 Ф болады?
A) Астарларына 1 мкКл заряд бергенде аотенциал 1 мВ болса
B) Астарларына 1 мкКл заряд бергенде потенциал айырмасы 100 В болса
C) Астарларына 1 Кл заряд бергенде потенциал айырмасы 1 В болса
D) Астарларына 10 Кл заряд бергенде потенциал айырмасы 100 В болса
E) Астарларына 1 нКл заряд бергенде потенциал айырмасы 1 мкВ болса

5. Серпінділік күшінің әсерінен болатын гармониялық тербелістердің периоды
A)
B)
C)
D)
E)

6. Еркін түскен дененің 4 с өткеннен кейінгі жылдамдығы: (0=0, g=10м/с2)
A) 20 м/с.
B) 160 м/с.
C) 40 м/с.
D) 80 м/с.
E) 200 м/с.

7. Серпімділік күшін анықтайтын формула
A) .
B) .
C) .
D) .
E) .

8. Стакандағы ыстық суға массалары бірдей күміс немесе алюминий қасық салынса, суды тез суытатыны (салюм= 920 Дж/кг·К, скүміс= 250 Дж/кг·К).
A) күміс суытады, алюминий қыздырады.
B) күміс қыздырады, алюминий суытады.
C) алюминий.
D) екеуі де бірдей.
E) күміс.

9. Егер тізбектегі ток күші 5А болса, онда өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 2с ішінде өтетін заряд
A) 200 Кл.
B) 300 Кл.
C) 1800 Кл.
D) 3600 Кл.
E) 10 Кл.

10. Катушкадан өтетін ток 1секундта 2 А-ге өзгергенде, пайда болатын өздік индукция ЭҚК-і 40 В болса, катушканың индуктивтілігі
A) 2 Гн.
B) 1 Гн.
C) 5 Гн.
D) 20 Гн.
E) 10 Гн.

11. Төменде келтірілген электромагниттік сәулелерді жиіліктерінің өсу ретімен орналастырыңдар:
1) көрінетін жарық.
2) ультракүлгін сәулелер.
3) инфрақызыл сәулелер.
4) радиотолқындар.
A) 2,1,3,4.
B) 3,4,1,2.
C) 1,3,2,4.
D) 4,3,1,2.
E) 1,2,3,4.

12. Суретте линзаның қай түрі келтірілген және оның кескіні қандай болады?

A) Шашыратқыш; жалған және үлкейтілген.
B) Жинағыш; жалған.
C) Шашыратқыш; шын және кішірейтілген.
D) Шашыратқыш; шын.
E) Шашыратқыш; жалған және кішірейтілген.

13. Лазерлік сәуле шығаруға тән қасиеттер:
1. Жоғарғы монохроматтылық.
2. Когеренттік.
3. Сәуле шығарудың бағыттылығы.
4. Сәуле шығару қуатының жоғарылығы.
A) 1, 2, 3, 4.
B) Тек 1.
C) 2 және 4.
D) 1 және 4.
E) 2 және 3.

14. реакциясындағы белгісіз бөлшек:
A) .
B) .
C) е-.
D) .
E) р.

15. Егер радиустары бірдей екі шардың біреуі болаттан, екіншісі қорғасыннан жасалса, олар өзара әсерлескен кездегі үдеулерінің модульдерінің қатынасы: (болат = 7,8103 кг/м3; қорғасын = 11,3103 кг/м3)
A)  1,7.
B)  1,9.
C)  1,8.
D)  1,6.
E)  1,4.

16. Көлбеулік бұрышы 30 жазықтықпен сырғанаған дененің үдеуі (g=10 м/с2, үйкеліс ескерілмейді)
A) 5 м/с2.
B) м/с2.
C) м/с2.
D) м/с2.
E) м/с2.

17. Әрқайсысының массасы 1000 кг, екі автомобиль Жермен байланысты санақ жүйесінде горизонталь жолмен 1 = 10 м/с және 2 = 20 м/с жылдамдықпен қарама-қарсы бағытта қозғалады. Екінші автомобильдің бірінші автомобильмен байланысты санақ жүйесіндегі импульсі:
A) –30000 .
B) 10000 .
C) 30000 .
D) 0.
E) –10000 .

18. Массалары m бірдей екі шар модульдері тең жылдамдықпен қарама-қарсы қозғалған. Соқтығысқаннан кейін екі шар да тоқтаған. Соқтығысу нәтижесінде екі шардың импульстерінің қосындысы
A) 0.
B) -2m .
C) 2m .
D) -m .
E) m∙ .

19. Азоттың мольдік массасы 0,028 кг/моль болса, азот молекуласының массасы:
(NA= 6,02·1023 моль-1)
A) 4,62·10-23кг.
B) 4,76·10-26кг.
C) 4,74·10-20кг.
D) 4,65·10-26кг.
E) 3,65·1020кг.

20. Конденсатордың астарларындағы кернеу 100В. Резистор арқылы конденсатор толық разрядталған кезде, тізбектен 0,1Кл электр заряды ағып өтті. Сонда резисторде бөлінетін энергия:
A) 10 Дж.
B) 5 Дж.
C) 15 Дж.
D) 8 Дж.
E) 25 Дж.

21. Өткізгіштің ұзындығы 1,2 м, көлденең қимасының ауданы 0,4 мм2, ал кедергісі 1,2 Ом болса, оның меншікті электр кедергісі:
A) 0,610-6 Омм.
B) 0,410-6 Омм.
C) 0,510-6 Омм.
D) 0,310-6 Омм.
E) 0,210-6 Омм.

22. Жиілігі 400 Гц айнымалы ток тізбегіне индуктивтілігі 0,1 Гн катушка қосылған. Осы тізбекте резонанс болу үшін оған жалғанатын конденсатор сыйымдылығы
A) 1,2 мкФ.
B) 2,0 мкФ.
C) 1,4 мкФ.
D) 1,8 мкФ.
E) 1,6 мкФ.

23. Рентген түтікшесі 50 кВ кернеумен жұмыс істейді. Сәуле шығарудың минимал толқын ұзындығы: (h=6,6210-34 Джс; e=1,610-19 Кл)
A) 25 нм.
B) 0,025 нм.
C) 0,0025 нм.
D) 3 нм.
E) 0,25 нм.

24. Ядролық сәулелерді тіркеуге арналған приборларда шапшаң қозғалатын зарядталған бөлшектердің жасырын із қалдыратыны
A) Күкіртті цинкпен қапталған экран.
B) Көпіршікті камера.
C) Қалың қабатты фотоэмульсия.
D) Вильсон камерасы.
E) Гейгердің газ разрядты санағышы.

25. Тарту күші 400 кН, 21,6 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан тепловоздың 1сағатта атқаратын жұмысы
A) 8640 кДж.
B) 8640 Дж.
C) 2400 кДж.
D) 0,864108 Дж.
E) 86,4108 Дж.

26. Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8 м/с-қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысы:
A) 120 Дж.
B) 220 Дж.
C) 160 Дж.
D) 110 Дж.
E) 130 Дж.

27. 100 моль сынаптың көлемі неге тең?
A) 2,3·10-3м3.
B) 2,4·10-3м3.
C) 1,4·10-3м3.
D) 1,5·10-3м3.
E) 2,1·10-3м3.

28. Жылу машинасы қыздырғышының температурасын 10 0С-қа көтерді, суытқышының температурасын 10 0С-қа төмендетті. Осының нәтижесінде машинаның ПӘК-і
A) өзгермейді.
B) төмендейді.
C) артуы да кемуі де мүмкін.
D) артады.
E) ПӘК-ң өзгерісін анықтау мүмкін емес.

29. Тегіс стол бетінде жатқан, қатаңдығы аз, иілгіш сымнан жасалған ұзын катушкадан ток жібергенде, бақыланатын құбылысты анықтаңыз. Жердің магнит өрісін ескермеуге болады.
A) Катушка ыршып түседі.
B) Катушка сығылады.
C) Катушка тербеледі.
D) Катушка созылады.
E) Ешнәрсе өзгермейді.

30. Телестанцияның әсер ету аймағы көкжиек жазықтығымен шектелу себебі
A) әдетте таратқыш қуаты онша үлкен болмайды.
B) әсер ету аймағын аттыру үшін таратушы антеннаны биіктету керек.
C) телевизиялық толқындар әр түрлі заттарда жақсы жұтылады.
D) телеорталықтар ультрақысқа толқында жұмыс жасайды. Бұл толқындар дифракцияланбайды.
E) телевизиялық толқындар күшті шашырайды.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет