ФИЗИКА ПӘНІНЕН АРНАЙЫ ФАКУЛЬТАТИВТЕР ЕСЕБІ
Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді.
Физика есептерін жүйелі түрде шығару — тақырып бойынша берілген заңдардын физикалық мағынасын тереңірек түсінуге көмектеседі; оларды нактылы жағдайда қолдана білу мәселелерін үйретеді.
Жекелеген есептердің мазмұны, түрлері әр түрлі болғанымен, жалпы есеп шығарудың белгілі бір реті бар. Сондықтан физика пәнінен арнайы, қолданбалы факультативтер қосымша өткізіледі. Оқушылардың физика пәнін жақсы игеруіне көмекші болатын факультатив сабақтар міндетті, ұдайы түрде өтуі қажет. Осы мәселені негізге ала,мен, Ошакбаева Ж.К. физика пәнінен факультативтерді өткізіп жүрмін. Факультативтер 7,8,10 сыныптарда аптасына 1 рет өткізіледі. Факультативтік курстың бағдарламалары Қазақстан Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы No1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
«Тұрмыстағы физика» курс бағдарламасы оқушылардың физикадан алған білімдерін қорытындылау, кеңейту және практика жүзінде қолдана білу үшін негіз болып табылады. Физика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және жетілдіруге арналған.
Курс бағдарламасы 34 сағатқа есептелген және 7 сынып оқушыларына арналған.
«Физика пәнінен күрделі есептер шығару» курсы енгізілген. Бұл курс жалпы білім беретін мектептің 8 сыныптарына арналып, физика пәні стандарты негізінде құрастырылған. Бағдарлама бойынша оқу жүктемесінің көлемі (білім берудің негізгі бағдарламасы) БНБ-ға сәйкес:
8 сыныпта: аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«Физикалық есептерді шығару әдістері» курс жаратылыстану – математикалық бағыттағы 10 сынып оқушыларына арналған және оқушылардың физика тарауларының негізгі бөлімдерін оқып үйренуі қарастырылған. Қолданбалы курс жаратылыстану – математика бағыттағы 10 сыныптағы оқушылары үшін жалпы бірыңғай тестке тікелей бірден бір көмекші құрал болып табылады, сонымен қатар жоғарғы оқу орнына түсуші талапкерлерге де көмекші құрал ретінде ұсынылады.
10 сыныпта: аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Бірінші жартыжылдық аралығында 7 сыныптармен: Инерция. Кеңістік пен уақыт.1-тәжірибе. Сыпырғыш пен доп Күш. Деформация.2-тәжірибе. Ортасын тап. Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. Басқа планеталардағы ауырлық күші. 3-тәжірибе. Бұлай болмайды!Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.4-тәжірибе. Сиқырлы моторҚысым. 5-тәжірибе. Құрғақ қағаз. 6-тәжірибе. Семіз ауа. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым. 7-тәжірибе. Шайқама!8-тәжірибе. Жабысқақ стақан. 9-тәжірибе. Бірбеткей түтікше
10-тәжірибе. БүлдіргіҚысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы. 11-тәжірибе. Ұшатын доп
Газ қысымы.
8 сыныптармен: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.Температура. Ішкі энергия.Жылу мөлшері. Жылу берілу түрлері. Меншшікті жылусыйымдылығы.Отынның меншікті жану жылуы. Заттың агрегаттық күйлері. Балқу және кристалдану. Булану жэне конденсация. Қаныққан жэне қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығы. Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері. Термодинамиканың бірінші заңы. Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс. Термодинамиқаның бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс.Термодинамиканың екінші заңы.
10 сыныптармен: Физикалық есеп дегеніміз не?Оның құрамы. физикалық есептердің өмірдегі маңызы. Есептерді берілуі мен шешілуі бойынша жікте. Типтік есептер шығару үлгісі.Физикалық есептерді құрастыру. Оларға қойылатын негізгі талаптар. Құрастыру технологиясыФизикалық есептер шығару кезеңдері. Есеп мәтінімен жұмыс, есеп шартын белгілеу.
МКТ – нің қағидалары, негізгі теңдеуіне сапалық есептер шығару, идеал газ заңдары, изопроцестер.Бу қасиеттері. Беттік керілу, абсолют және салыстырмалы ылғалдылық.Қатты денелердің қасиеттер. Жылулық ұлғаю және Юнг модулі.Есеп шығару түрлері. Алгоритмі, геометриялық және графиктік шешулер.Механикалық есептер шығарудағы координаталық әдістер.Материалдық нүктенің бірқалыпты және айнымалы қозғалысына есептер шығару.Динамиканың негізгі заңдары. Күш түрлері.
Ньютон, БӘТ заңдары, бірнеше күш әрекетінен дененің қозғалысына есептер шығару.Кинематика, Динамика, Сақталу заңдарын қолданып есептер шығару.Импульстің сақталу заңы, реактивті қозғалыс есептер шығару.
Жұмыс және қуат есептер шығару.Механикалық энергияның сақталу және айналу заңдары есептер шығару.Құбылысқа анализ жасау. Есеп шығару жоспары және орындалуы. Сандық есептеулер, есеп шығару барысында кететін типтік қателер, графиктік есептер.
Тақырыптар қарастырылды.
7 сыныптарда физика пәні алғашқы рет болғандықтан, факультативтік сабақтар ұдайы, үздіксіз өтті. Бірнеше тәжірибелерді оқушылар өздері орныдады. 7 «А» сыныбының белсенділігі 7 «Б» сыныбына қарағанда төмен. Оқушылар аз қатысады. Сынып жетекшісіне ескерілді. Бұл факультативтерде негізгі мақсатым: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын жоғалтып алмау еді, сондықтан жұмысқа оқушылармен бірге ат салыса қызу кірістік.
8 сыныптарда физика пәнінен негіздері жоқ, сабақта біраз есептер түсініксіз болғандықтан, 8 сыныптармен тек қана есептерді талдап, шығардық. Есептер А,В,С деңгейінде болды. Сабақ уақытында, тақырыптық есептері түсініксіз, толықтай меңгерілмейді.
10 сыныптармен факультатив сабақтары аптасына 3 рет өтеді. Мен, нәтиже болу үшін, 10 сынып оқушыларын 3 – топқа бөліп, жұмыс жасаймын. Факультатив сабақтарында біраз есептерді талдаймыз, сабақта түсінбеген есептерді талдадық. 10 сыныптың оқу бағдарламасы қиын болғандықтан, оқушылар бірінші реттен ұғып ала алмайды, сондықтан 10 сыныптың деңгейіне қарай есептер сұрапталып, деңгей бойынша беріледі, талданады.
Есептеу кезінде оқушылардың көбі дәрежеден қателік жібереді.
Жауапты: Ошакбаева Ж.К
Достарыңызбен бөлісу: |