«Физика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


«Статика», «Сақталу заңдары» және «Сұйықтар мен газдардың механикасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



бет6/23
Дата11.10.2023
өлшемі1,1 Mb.
#184680
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
бжб 10 кл жмб

«Статика», «Сақталу заңдары» және «Сұйықтар мен газдардың механикасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаттары

10.1.3.2 Әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату
10.1.4.1 Сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану

        1. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау

        2. Үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырмалар

  1. PQ стержені вертикаль қабырғаға Р нүктесінде суретте көрсетілгендей бекітілген.

𝐹𝑎

Стерженнің ұзындығы 1,60 м. P нүктесінен 0,64 м қашықтықта стерженьге ауырлық күші әсер етеді. Стержень қабырғаға бекітілген QR сымының көмегімен горизонталь қалыпта тепе-теңдікте орнатылған. Сымның керілу күші F = 44 Н горизонтпен 300 бұрыш жасайды.



    1. Анықтаңыз:

      1. F күшінің вертикаль құраушысын;

      2. F күшінің горизонталь құраушысын.

    2. Р нүктесіне қатысты моменттер ережесін пайдаланып, 𝐹𝐹 ауырлық күшінің мәнін анықтаңыз.

  1. Неліктен қабырға тарапынан стерженьге Р нүктесінде қысым түсірілетінін түсіндіріңіз.

  2. Қабырға тарапынан стерженьге Р нүктесінде түсірілетін қысым күшінің бағытын көрсетіңіз және ол күшті N әрпімен белгілеңіз.




  1. Массасы 2,0 г оқ горизонталь бағытта ұшып, массасы 600 г ағаш білеушеге тиеді. Білеуше вертикаль жіптердің көмегімен төбеге бекітілген және еркін қозғалады. Оқ білеушенің ішіне енеді. Оғы бар білеуше вертикаль бағытта 8,6 см биіктікке суретте көрсетілгендей көтеріледі.




    1. Оқ пен білеушенің гравитациялық потенциалдық энергиясының өзгерісін анықтаңыз.

    2. Оқ пен білеушенің бірге қозғалар алдындағы бастапқы жылдамдығын есептеңіз.

    3. Импульстің сақталу заңын пайдаланып, оқтың білеушемен соқтығысар алдындағы жылдамдығын есептеңіз.

    4. Оқтың білеушемен соқтығысар алдында ие болған кинетикалық энергиясын есептеңіз.

    5. Оқ пен білеушенің әрекеттесуінің түрін сипаттап, қорытынды жасаңыз.




  1. Ламинарлық және турбуленттік ағыстардың екі айырмашылығын көрсетіңіз. Өз түсіндірулеріңізде сызба қолдануға болады.




  1. Суретте үйдегі су құбырының жүйесі көрсетілген. Құбырдың тар және кең жерлеріндегі аудандарының қатынасы 1:4 және құбырлар еденнен ℎ1 = 5 м, ℎ2 = 1 м деңгейде орналасқан. Құбырдың А1 кең жеріндегі су ағысының жылдамдығы 9,1 105 Па қысымда 36 км/сағ болады. Су тығыздығын 1000 кг/м3 деп алыңыз.

Келесі шамаларды анықтаңыз:



    1. құбырдың тар жеріндегі су ағысының жылдамдығын;

    2. құбырдың екі ұшындағы қысымның айырымын;

    3. құбырдың тар бөліміндегі қысымның мәнін.

  1. Кейбір су көліктерінің қозғалысы Бернулли теңдеуіне негізделген. Суретте желкен орнына алып цилиндрлерді пайдаланатын кеме көрсетілген. Цилиндрлер мотор арқылы айналысқа келеді. Оңтүстіктен үздіксіз жел соғып тұрсын делік. Ал кеме шығысқа қарай жүзуі қажет. Цилиндрлер қай бағытта айналулары керек, сағат тілімен бағыттас па, әлде сағат тіліне қарсы бағытта ма? Екі суреттің қай нұсқасы дұрыс? Көрініс кеменің үстіңгі жағынан түсірілген.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет