Электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу
Электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану
Механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу
Қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесін қолданып алынған нәтижелерді пайдалана отырып дәлелді түрде түсіндіру
Өткізгіш контурды тесіп өтетін магнит ағыны онда индукцияның ЭҚК 1,2 В болғанда 0,6 Вб-ге бірқалыпты өзгерді. Магнит ағынының өзгеру уақытын анықтаңыз. Өткізгіш кедергісі 0,24 Ом.
Кілтті қосқанда және ажыратқанда катушкада индукцияланатын ток бағытын анықтаңыз.
Велосипед дөңгелегі горизонталь магнит өрісіндегі металл оське вертикаль бағытта бекітіледі. Дөңгелектің металл шеті мен металл ось шанақтар арқылы байланысқан.