«Физика» пәнінен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы студенттері үшін №2 аралық бақылаудың сұрақтар тізімі


Рентген түтігі. Рентген түтігінің жұмыс істеу принципі



бет18/39
Дата22.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#159303
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
«Физика» п нінен «Фармацевтикалы ндіріс технологиясы» маманды

39.Рентген түтігі. Рентген түтігінің жұмыс істеу принципі
Рентген түтігі – рентген сәулесінің ең кең тараған көзі, екі электродты вакуумдық құрылым. Қыздырылған катод электрон бөледі. Анод немесе антикатод қиғаш жазықталып пайда болған рентген сәулесін түтік осіне бұрыштап бағыттайды. Анод жазықтығы вольфрамнан жасалған.
Диагностикалық түтіктер үшін рентген сәулелерінің көзі нүктелі болғаны маңызды-ол үшін электрондарды анодтың бір нүктесіне шоғырландыру қажет(аноды айналмалы рентген түтігі). Антикатод (анод) затының атомдық ядро және атомдық электрондары электростатикалық аймағымен бөлінген электрон тежеледі нәтижесінде тежеулік рентген сәулелену пайда болады. Электрондар тежелгенде қуаттың тек бір бөлігі рентген сәулесінің фотонын құруға, қалган бөлігі анодты қыздыруға жаратылады. Көп электрондар тежелгенде үздіксіз спектрлі рентген сәулелері пайда болады.
40.Сәулелену дозалары. Дозиметрия.
Сәулелену - сәулешығарудың кез келген түрінің обьектіге әсері. Ионданушы сәулеленулер тірі организммен ықпалдасқан кезде олар энергиясын ұлпаларға көп берген сайын зақымдану да арта түседі. Организмге берілген энергия мөлшері доза деп аталады. Организм сөулелену дозасын кез-келген радионуклидтен немесе радионуклид қоспасынан алуы мүмкін. Бұл жағдайда сәулелену көзіне организмнен тысқары немесе тамақпен, сумен ауамен келуі нетижесінде оның ішінде болуы мүмкін. Сәулеленудің нақты жағдайына байланысты бірінші кезекке дозаның әртүрлі түрлері шығады, олар сәулелену учаскесі көлемінің қандай екендігін, оның қайда орналасқандығын, бір адамның немесе адамдар тобының сәуле алғандығьш және бұның қай уақытта болғандығын ескере отырып, әрқалай есептеледі.Сәулеге ұшыраған дененің (организмнің) массасының сіңірілген бірлігінің сәулелену энергиясының мөлшері сіңірілген доза деп аталады. Алайда бұл мөлшері сіңірілген дозаның бірдейлігі кезінде альфа сәулеленудің бета және гамма сәулеленуден едәуір қауіпті екендігін ескермейді. Сондықтан дозаның келесі түрі эквиваяентті доза болып табылады, ол сәулеленудің осы түрінің организм ұлпасын зақымдау қабілетін көрсететін коэффициентке көбейтілген, сіңірілген доза мөлшеріне тең: 1 рад хк =1бэр; 1 Грхк=1 Зв (зиверт).
Дозиметрия - бұл иондаушы сәулеленуді, радиацияның затпен әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шамаларды, сондай-ақ осы шамаларды анықтау принциптері мен әдістерін қарастыратын қолданбалы ядролық физика бөлімі. Дозиметрлep – радиоактивті немесе рентген сәулелері дозасын өлшеу аспаптары.
Дозиметр түрлері гамма-сәулелердің рентген сәулелерінің дозасын және нейтрон ағындарын өлшеу аспаптары; радиоактивті заттармен ластанған жазықтықтар бетіндегі альфа және бета-бөлшектері ағымын өлшеу аспаптары; ауаның радиоактивті газдармен және аэрозольдармен ластану дәрежесін өлшеу қондырғылары; судың және азык-түліктің нақты белсенділігін өлшеу аспаптары;
гамма-сәулелердің рентген сәулелерінің және нейтрон ағындарының жеке адам қабылдаған дозаларын анықтау аспаптары; радиоактивті бөлшектермен уланған адамдардан тарайтын сәулелерді және олардың демінен шыққан ауа радиоактивтілігін өлшеу аспаптары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет