«Физика» пәнінен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы студенттері үшін №2 аралық бақылаудың сұрақтар тізімі


Бугер, Бер және Бугер-Бер-Ламберт заңдары



бет15/39
Дата22.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#159303
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
«Физика» п нінен «Фармацевтикалы ндіріс технологиясы» маманды

32.Бугер, Бер және Бугер-Бер-Ламберт заңдары
– Бугер-Бер-Ламберт заңы


– Бугер заңы


33.Жарықтың шашырауы. Нефелометрия
Жарықтың шашырауы – оптикалық сәуле (жарық) ағынының затпен өзара әсерлесуі кезінде кейбір сипаттамаларының өзгеруі. Мұндай сипаттамаларға жарық қарқындылығының кеңістіктік таралуы, жиіліктік спектр, жарықтың полярлануы жатады. Көбінесе, Жарықтың шашырауы деп ортаның кеңістіктік біртексіздігінен болатын сол ортаның өзіндік емес (меншіксіз) жарқырауын айтады. Жарықтың шашырауын жүйелі түрде кванттық электрдинамикаға негізделген сәуленің затпен әсерлесуінің кванттық теориясы мен зат құрылысының кванттық көзқарасына сүйене отырып сипаттауға болады. Бұл теория бойынша, Жарықтың шашырауының әрбір жеке актісі зат бөлшегінің энергиясы, импульсі k және полярлануы болатын фотонды жұтуы, содан кейін энергиясы, импульсі k және полярлануы болатын фотонды шығаруы деп қарастырылады. Егер шыққан фотонның энергиясы жұтылған фотонның энергиясына тең болса, онда Жарықтың шашырауы рэлейлік шашырау немесе серпімді шашырау делінеді. Ал Жарықтың шашырауы болғанда, энергия сәуле мен заттың арасында бөлінеді де, ол серпімсіз шашырау деп аталады.
Жарықтың шашырауын, көп жағдайда, сәуленің толқындық теориясы негізінде сипаттау жеткілікті. Бұл теория тұрғысынан, түскен жарық толқыны орта бөлшектерінде электр зарядтарының еріксіз тербелістерін тудырады, ал олар екінші реттік жарық толқындарының көздері болып табылады.
Нефелометрия – берілген заттың бөлшектері шашырататын жарық ағынының қарқындылығы бойынша затты зерттеуге және талдауға арналған әдіс. Шашыраңқы жарық ағынының қарқындылығы көптеген факторларға, атап айтқанда, талданатын үлгідегі бөлшектердің концентрациясына байланысты. Нефелометрияда жарықты шашырататын бөлшектердің көлемі үлкен маңызға ие. Нефелометрияда қолданылатын реакцияларға қойылатын маңызды талап - реакция өнімі іс жүзінде ерімейтін және суспензия (шлам) болуы керек. Қатты бөлшектерді суспензияда ұстау үшін бөлшектердің коагуляциясын болдырмау үшін әртүрлі тұрақтандырғыштар қолданылады (мысалы, желатин). Нефелометрия негізінен хлоридтерді (AgCl суспензиясы түрінде), сульфаттарды (BaSO4 суспензиясы түрінде) анықтау үшін әр түрлі материалдарды, мысалы, кендерді, минералдарды талдауда қолданылады. Нефелометрия сонымен қатар дисперсті бөлшектердің мөлшері мен формасын, полимерлердің молекулалық массасын анықтауда және коагуляцияны зерттеуде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет