Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 20
Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
|
Тексерілетін мақсат
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Тапсырма саны*
|
№ тапсырма*
|
Тапсырма түрі*
|
Орындау уақыты, мин*
|
Балл*
|
Бөлім бойынша балл
|
Физика – табиғат туралы ғылым
Физикалық шамалар мен өлшеулер
|
7.1.1.1 - физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру
|
Білу және түсіну
|
5
|
2
|
КТБ
|
1
|
1
|
9
|
7.1.2.1 - физикалық шамаларды олардың SI (Халықаралық бірліктер жүйесі) жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
|
Білу және түсіну
|
3
|
КТБ
|
1
|
1
|
7.1.2.2 - скаляр және векторлық шамаларды ажырату және мысалдар келтіру;
|
Білу және түсіну
|
1
|
КТБ
|
1
|
1
|
7.1.2.3 - үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану, санды: стандартты түрде жазу
|
Қолдану
|
4
|
КТБ
|
2
|
1
|
7.1.3.1 - дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу;
7.1.3.2 - кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау;
|
Қолдану
|
7
|
ТЖ
|
5
|
5
|
Механикалық қозғалыс
|
7.2.1.1 - келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
|
Білу және түсіну
|
4
|
6
|
ҚЖ
|
4
|
2
|
11
|
7.2.1.3 - түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
|
Білу және түсіну
|
5
|
КТБ
|
1
|
1
|
7.2.1.4 - қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу
|
Қолдану
|
8
|
ҚЖ
|
10
|
3
|
7.2.1.6 - дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:
(1) дененің тыныштық күйін,
(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын
7.2.1.7 - бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау
|
Жоғарғы деңгей дағдылары
|
9
|
ҚЖ
|
15
|
5
|
Барлығы:
|
|
9
|
|
|
40
|
20
|
20
|
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
|
Достарыңызбен бөлісу: |