«Физика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың
спецификациясы
7-сынып
Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4
3. Күтілетін нәтижелер 4
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 5
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 6
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері 6
7. Модерация және балл қою 6
1-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 8
Жиынтық бағалаудың құрылымы 8
2-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 15
Жиынтық бағалаудың құрылымы 15
Әр мысал үшін 1 балл қойылады 19
3-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 20
Жиынтық бағалаудың құрылымы 20
1 26
1 26
a) Ауырлық күшін дұрыс белгілейді 26
Архимед күшін дұрыс белгілейді 26
Екінші және үшінші түтікшеге шамасы ығыстырылған судың салмағына тең болатын ығыстырушы күш әсер етеді. Бірінші түтікшеге әсер ететін ығыстырушы күш азырақ, себебі оның ығыстырған суының салмағы екінші және үшінші түтікшелердің ығыстырған суының салмағынан аз. 26
4-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 27
Жиынтық бағалаудың құрылымы 27
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
3. Күтілетін нәтижелер
Білу:
- бастапқы физикалық ұғымдарды;
- практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;
- физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
- механика (кинематика, динамика, сақталу заңдары), астрономия бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;
- физикалық құбылыстарды;
Түсіну:
- шамалардың физикалық мағынасын, механика, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын;
- физикалық құбылыстардың маңыздылығын;
Қолдану:
- процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
- тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;
- қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;
- нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
- өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
- алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
Талдау:
- эксперимент нәтижесінде алынған деректерді;
- графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;
- заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;
Жинақтау:
- кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;
- гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми моделдерді және дәлелдемелерді;
- эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
Бағалау:
- жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
|
Білу және түсіну
|
Білу:
- материялық нүкте, жол, жылдамдық, тығыздық, күш, қысым, жұмыс, қуат, потенциалдық және кинетикалық энергия, күш моменті, геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйе ұғымдарын;
- физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
- жылдамдықты, тығыздықты, күшті, қысымды, жұмыс пен қуатты анықтау формулаларын, Гук, Архимед заңдарын, «Механиканың алтын ережесін» және физикалық тұрақты шаманы(g);
Түсіну:
- физикалық құбылыстарды;
- жылдамдықтың, тығыздықтың, күштің, қысымның, жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын, механика заңдарын;
- физикалық құбылыстардың маңыздылығын;
|
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
|
Қолдану
|
Қолдану:
- процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
- қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында Гук, Архимед заңдарын, «Механиканың алтын ережесін» және «Механика» бөлімінің формулаларын;
- нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
- өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
- алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
|
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)
|
Талдау:
- эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,
- графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты,
- заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;
Жинақтау:
- кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды,
- гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді,
- эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
Бағалау:
- жасалған эксперименттің нәтижелерін.
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
|
Тоқсан
|
Білу және түсіну
|
Қолдану
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
I
|
50%
|
30%
|
20%
|
II
|
63%
|
25%
|
13%
|
III
|
25%
|
63%
|
13%
|
IV
|
25%
|
63%
|
13%
|
Барлығы
|
41%
|
45%
|
14%
|
Достарыңызбен бөлісу: |