Тест № 2. Жарық дифракциясы.
Төмендегі сәуле шығарулардың қайсысында дифракция құбылысын
байқауға болады:
Көрінетін жарық
Радиотолқындар
Рентген сәулелері
Инфрақызыл сәулелер
А) Тек 1 және 2.
В) Тек 1, 2 және 3.
С) Тек 1, 3 және 4.
Д) Тек 1, 2, 3 және 4.
Е) Тек 3 және 4.
2. Периоды 3 мкм дифракциялық торға толқын ұзындығы 650 нм монохромат жарық түседі. Дифракциялық максимумның ең үлкен рет саны қандай болады?
А) 1.
В) 2.
С) 3.
Д) 4.
Е) 5.
3. Дифракциялық тордағы толқын ұзындығы 510 нм төртінші реттік сызықпен дәл келетін үшінші реттік сызықтың толқын ұзындығын табыңыз.
А) 397,5 нм.
В) 680 нм.
С) 340 нм.
Д) 795 нм.
Е) 737,5 нм.
4. Дифракциялық тордың 1мм ұзындығында 100 штрих бар.
Дифракциялық тордың периоды қандай?
А) d = 100мм.
В) d = 10-5м.
С) d = 1м.
Д) d = 10-3м.
Е) d = 100 м.
5. Геометриялық оптика заңдарының қолданылуының шарттарын
көрсетіңіз (d – бөгет размері).
А) d >> λ.
В) d > λ.
С) d. ≈ λ.
Д) d < λ.
Е) d < λ/2.
6. Периоды 2*10-4 см дифракциялық торға перпендикуляр монохроматтық толқын түседі. Екінші реттік максимумы 300 жасай көрінеді. Түскен жарықтың толқын ұзындығын анықтаңыз.
А) 5*10-7м.
В) 10*10-7м.
С) 2,8*10-7м.
Д) 2,8*10-7м.
Е) 4*10-7м.
7. Ұзындығының 1 мм-не 50 штрихтен келетін дифракциялық тордың бетіне түсетін толқын ұзындығы 400 нм жарықтың екінші реттік максимумы қандай бұрышпен көрінеді?
А) arcsin 0,02.
В) arcsin 0,04.
С) arcsin 0,002.
Д) arcsin 0,004.
Е) arcsin 0,008.
8. 1 мм-ге 200 штрих келетін дифракциялық торға толқын ұзындығы 500нм жарық перпендикулыр түседі. Тордан экранға дейін 1 м. болса, орталық максимумнан бірінші максимумға дейінгі қашықтықты анықтаңыз.
А) 0,2м.
В) 0,05м.
С) 0,1м.
Д) 0,15м.
Е) 0,01м.
9. Оптикалық құралдардың айырғыштық қабілетінің мүмкіндігін төмендететін қандай құбылыс?
А) Фотоэффект.
В) Дифракция.
С) Интерференция.
Д) Дисперсия.
Е) Поляризация.
10. Толқын ұзындығы λ = 0,5 мкм жазық монохроматтық толқын, миллиметрге 500 штрих сиятын дифракциялық торға түседі. Торға түскен сәуле нормаль бойымен бағытталса, ең үлкен спектр К дәрежесін анықтаңыз.
А) 4.
В) 1.
С) 10.
Д) 8.
Е) 16.
Достарыңызбен бөлісу: |