Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану



бет23/28
Дата07.02.2022
өлшемі297,5 Kb.
#92502
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
000862bc-f741c490

2 – сабақта

«Футбол ойыны»



  1. Класты 4 топқа бөлу.

  2. Әрбір екі команда бір – бірімен ойнайды.

  3. Бір топтың берген сұрағына қарсылас топ дұрыс жауап берсе, гол соғу болып есептеледі.

  4. Ойын нәтижесін хабарлау, белсене қатысқан оқушыларды атап өту.

«Қатені тап» ойыны



  1. Класс 4 топқа бөлінген.

  2. Әр екі команда бір – біріне қарсылас команда болады.

  3. Бір команда 1 немесе 2 қатесі бар сурет (схема) салып, қатесін тап деп қарсылас командаға көрсетеді. Қатесін тапса, ұпай есептеледі, таппаса ұпай осы сұрақты қойған топтың өзіне есептеледі.

  4. Ойынның нәтижесі айтылады.

«Домино» ойыны



  1. 4 топ екі – екіден қарсылас командаларға, бөлiнеді.

  2. Қарсылас командалардан бір – бір ойыншыдан шығып, магнит тақтада домино ойнайды.

  3. Жылдам ойнаған топ жеңіске жетеді.

«Блиц – турнир» ойыны



  1. Жүргізуші әр командаға жылдамдатып 5 сұрақ оқиды.

  2. Ең көп жауап берген команда жеңіске жетеді.

«Үшіншісi артық» ойыны


1. Әр топ алдына осы тарауға сәйкес екі сурет (немесе 2 формула) салынған, тақырыпқа қатысы жоқ үшінші сурет (немесе формула) салынған қағаздар таратады. Топ оқушылары ақылдаса келіп, қай сурет (немесе формула) артық екенін айтады.

Модуль №6


Әртүрлi ортадағы электр тогы.
5 сағат

Модуль құрылымы

Сағат саны

Модульдiң мазмұны

Уақыт

Ескертпе

Кiрiспе

1-шi сабақ

1 .Модульге кiру
2. Лекция: “Әр түрлi
ортадағы электр
тогы”
3.Тiрек сызбасын
түсiндiру



5мин
30мин
10мин



Оқушылар дәптерге жазады

Сөйлесу бөлiмi



2-шi сабақ

“Әр түрлi ортадағы электр тогы” §45-51
Топтық жарыс ойындары:
“қатенi тап”, “Футбол”, “домино”, “Блиц-турнир” т.б.

45мин

Топ бойынша жұмыс

3-шi сабақ

““Әр түрлi ортадағы электр тогы” §45-51
“Қар кесегi” ойыны

45мин

Топ бойынша жұмыс, оқулықпен,
Лекция тезистерiмен жұмыс

4-шi сабақ

“Әр түрлi ортадағы электр тогы” §45-51
“Өрмекшi” ойыны
“Жұптық” жұмыс н/е “Жеке топтық” жұмыс

10мин
35мин



I оқушылар әр столға жауап жазып қалдырады (есеп берiлсе, есептi шығарып қалдырады).
II деңгейлiк тапсырмалар орындау.

Қорытынды бөлiм

5-шi сабақ

Сынақ тест

45мин

Тарау бойынша қорытынды тест

Бiлiмдiлiк мақсаты: әр түрлi орталардағы -металдардағы, электролиттер мен балқымалардағы, газдардағы, вакуумдегi электр тогы. “Әр ортадағы ток тасмаладушы бөлшектер, ерекшелiгi, айырмашылығы туралы бiлiм беру.


Дамытушылық мақсаты: жеке орындайтын тапсырмалар орындату арқылы ой - өрiсiн дамыту. Оқытудың интерактивтi формаларын қолдану арқылы дүниетанымын кеңейту, сөздiк қорын дамыту.
Тәрбиелiк мақсаты: үнем тәрбиесiн беру, өмiрде электр тогының пайдасы мен зиянын ажырата бiлуге үйрету, электр қаупiнен сақтану жолдарын үйрету. Шапшаңдық пен iскерлiкке тәрбиелеу.

Тарау бойынша ненi үйренуi қажет?:


Тарау бойынша алатын бiлiмдер мен дағдылар: металдардағы, электролиттердегi, газдардағы, вакуумдегi, шалаөткiзгiштердегi электр тогының табиғатын түсiндiре алуы, электролиттiк ваннасы бар қарапайым электр тiзбегiн құрастыра бiлуi, эксперимент негiзi бойынша қорытынды жасай бiлу, алған бiлiмдерiн физикалық құбылыс сырын түсiндiруге қолдана алуы, схеманы оқи бiлуi, плазманы бiлуi, шалаөткiзгiштi диод, шалаөткiзгiштердiң қолданылуын бiлу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет