Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану



бет27/28
Дата07.02.2022
өлшемі297,5 Kb.
#92502
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
000862bc-f741c490

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, мен өзімнің осы зерттеу жұмысымды қорыта келе, Президентіміз Н.Назарбаевтың Астана қаласында «Еуразия» университетінің 10 жылдық мерейтойында оқытушылар мен студенттерге арналған сөзінен үзінді келтіргім келеді: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, егер оны ғылымды көп қажет ететін технологиялық білімі, басқару дағдылары бар, нарықтық экономикада бағдарлана алатын жоғары білікті мамандар іс жүзіне атқаратын болса ғана шешілетін болады.


Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші; кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабылетті маманға беруіне тура келеді...
Мен қазір профессорларға да сөз арнап отырмын: шетелдік мамандардан үйреніңіздер, тәжірибе алыңыздар, осы үшін біз ЖОО – на шетелдік, ғалымдар мен оқытушыларды шақырудамыз». Бұл келтірілген үзіндіде алдыңғы қатарлы дамыған елдердің озық идеяларынан үйренуіміз керектігі айтылған. Ендеше біздің, мұғалімдердің алдында үнемі іздену, үнемі оқу, жаңалыққа ұмтылу міндеті тұрады. Осы орайда мен білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, енгізіліп жатқан жаңалықтар туралы оқып отырып, мынаған назар аудардым: біз жаңа технология ретінде үйрене бастағандарымыз АҚШ – да 1950–60 жылдардан бері қолданылады екен. Блум таксономиясы 1956ж. жарық көрген әдебиеттерде жазылған екен.Жалпы шетелдік технология деген сөзді қабылдаудың екі жағы бар. 1-шісі қалыптасып қалған ескі көзқарасты бірден өзгерте қою қиын. Оған сенімсіздікпен қарау алғашқыда басым болады. 2-шісі 1970 жылдарда адамдарды ұйықтап жатқан кезде оқыту деген бір әдіс шыққан, осы әдіспен, яғни ұйықтап жатқан кезде адамды оқытатын болса, ол ояу кезіндегіге қарағанда материалды 2-3есе тиімді, ауқымды меңгеретіні анықталған. Осындай экспериментпен оқытылған адамдардың барлығы да ұзақ өмір сүрмей, 10-15 жылдан кейін қайтыс болған. Сол себепті жаңа оқыту әдісі дегеннің барлығы зиянсыз бола ма, мүмкін бұл да зиянды болуы деген сияқты, жаңалықты қабылдаудың өзіне сақтана қарау әрдайым болатын құбылыс.
Теледидардан болып жататын пікір-таластардан да көптеген көзқарастар, көптеген көңіл қойып тыңдауға болатын ойлар айтылып жатады. Соның бірі – біз неге нашақорлық пен қылмысты істері өте дамыған елдерден үлгі алуымыз керек, неге өзіміздін географиялық орналасу жағдайымызға жақын елдерден, тілі, діні, әдеп-ғұрпы бізге жақындау келетін елдерден, біздің ұлттық менталитетімізге ұқсастау келетін елдерден үлгі алмасқа деген көзқарастар.
Мен өзім Ресейде шығарылған кітаптарды оқу барысында, Ресей мемлекетіндегі академик М.П.Щетининнің мектебі туралы өте қызыға оқыдым. Краснодар өлкесінің Гелленджик қаласында академик Михаил Петрович Щетининнің мектебі орман ішінде орналасқан. Бұл мектеп біз көріп жүрген мектептердің ешбіреуіне ұқсамайды. Себебі: 1) онда мектеп оқушыларының арасында жас айырмашылығы деген ұғым мүлде болмайды, ең кіші оқушы 5 жаста, ең үлкені – 17 жастағылар саны өте аз, оқушылардың дені – 10-12 жастағы балалар, 2) бұл мектепте қандай құрылыс болмасын, оқушылар барлығын өздері жабылып, өздері қалап, өздері орнатады, іші мен сыртын әшекейлеуді де өздері істейді; 3) басқа жердегідей емес, жұмыс істеп жатқан балалардың бірде – біреуінің жүзінде не шаршағандық, не ренжігендік білінбейді, барлығының көздері тек қуаныштан жарқырайды; 4) сабақтардың өтілуі де біздің мектептердегідей емес, мысалы, жай мектептерде математикадан 1-кластан 11-класқа дейін оқылатын материалды олар бір-ақ жыл ішінде оқып меңгеріп шығады екен; 5) оқушы мен мұғалім арасында да айырмашылық жоқ, сырттан қараған адамға қайсысы оқушы, қайсысы мұғалім екендігін ажырату қиын.
Академик Щетининнің осы мектебіне үнемі барып, араласып, көмек көрсетіп отыратын Ресейдің еңбегі сіңген артисі, Халықаралық Рерих атындағы ұйымның (БҰҰ – ның қолдауымен ашылған). мүшесі, Наталья Сергеевна Бондарчук былай дейді: «Мен көптеген елдердің атақты уағыздаушылары (проповедник) мен мұғалім-ұстаздарымен араласып көрдім, бірақ жер шарының басқа ешбір елінде дәл осы мектепті көргендей таң қалған емеспін. Мүмкін, біз бұл жерде ұлы Көрегендікпен кездесіп отырмыз (с великим Ведуном). Көрегендік дейтін себебім, ол көне Ведизмді өте жақсы білетіндіктен емес, оған біздердің көпшілігімізге белгісіз, таныс емес жағдайлар, көп нәрсе белгілі.» 11-жылдық мектептің математикасын бір жыл ішінде меңгертіп оқытатын да оқушылар, олар өздері басқа адамдардан (адамдар ма нақтылысында?) «Оқып» келген, енді басқа оқушыларға солай үйретеді. Бұл турасында қалай ол жүзеге асады? деген сұраққа академик Щетининнің өзі былай деп жауап береді. Мен онын сөздерін аудармай, түпнұсқасында бергім келеді: «Здесь вы видите в основном попытку встретиться. Если встреча произойдёт, дети смогут освоить курс математики десятилетней школы не более чем за год. Такая стоит задача. Это случится с теми, кто сможет встретиться с владеющими подобными знаниями, важно, насколько их отношения будут открытыми. Их полевые структуры смогут считывать информацию друг друга. Известное наблюдение в народе – любовь с первого взгляда, когда любящие понимают друг друга с полуслова. Ты ещё не сказал, а он уже понял. Вы видите, что здесь делается всё, чтобы дети были вольны, свободны. Здесь они могут спокойно задавать любые вопросы, подниматься, входить. Важно сохранить отношения. И ещё, мы не акцентрируем внимания на возрасте».
Ал мен бұл жағдайлар туралы неге жазып отырғанымды түсіндіргім келеді. 1-шіден, мұғалімнің авторитарлық әрекеті білінбейтін осындай мектептер бізде де болса деген арман. 2-шіден, мұндай мектептерді ашу үшін онда білім беретін мұғалімдердің өздері сол Щетинин мектебіне барып оқып келсе деген ой.
Ал, Щетининнің мектебі сияқты мектептер ашылса, онда еліміздің көркейіп, гүлденіп, өркениетті елдер қатарына қосылатыны сөзсіз. Себебі, мұндай мектепте оқыған баланың бос уақыты мүлдем болмайды, яғни тәртіп бұзушылық та болмайды, нашақорлық та болмайды, табиғаттың аясындағы қолдарымен салып алған мектептерінде қуана-қуана оқыр еді ғой.
Ал енді өзім қарастырып кеткен модульдік технологиямен оқыту жағдайына келсек, алғашқыда, мен зерттеу міндеттеріне бұл технология мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайына сәйкес келетіндігін, режим сақтала ма деген сөздерді де жазғанмын. Осы модульдік технологияны қолдану үшін жеке және жұптық жұмыс, жаппай бақылау жұмысы немесе жаппай тестілеу болатын күндері ғана оқушылар өз орнындарында отарады, ал топтық жұмыс жүргізу кезінде міндетті түрде парталар мен орындықтарды қозғау керек болады. Осы кезде а) жарық оқушының көзіне тек сол жақтан түсуі керек деген гигиеналық жағдай орындалмай қалады, б) оқушы тақтаға арқасымен қарап отырып қалады, тақтада сөйлеген оқушыға, мұғалімге, тақтадағы жазуға қарау көп қиындық туғызады, в) стол-орындықтарды керегінше орналастырып жылжытып қоюға сабақтың біраз уақыты кетіп қалады, г) орындық-парталарды жылжыту кезінде тарс-тұрс шу да болады, көршілес кластарға сабақ өткізуге бөгет те болады, д) мектептің мүлкі тозуы да жылдамдайды, себебі, қайта-қайта орнынан қозғап, сүйреу кезінде еден де, парта да сырылады, орындықтар сынуы мүмкін, т.б.
Бірақ бұл жағдайлардың барлығы да білімнің нәтижелілігінің жанында ескеруге тұрмайтын ұсақ-түйек болып қалатын секілді.
Модульдік технологияны қолданып оқытқан эксперименттік класс пен бақылауға алынған класс оқушылары арасында салыстыру үшін жүргізілген сауалнама, тестілеу нәтижелері соны көрсетеді ол осы жұмыстын соңында қосымшада келтіріледі.
Сонымен, физика пәнін оқыту барысында ескіден қалыптасып қалған класс-сабақ жүйесі, мұғалімнің авторитарлық басшылығымен оқытуды инновациялық технологиямен алмастыру кезінде нәтижелі жақсы көрсеткіштер көбейетініне көз жетеді:

  1. білім сапасы жақсарады;

  2. оқушы өзін психологиялық жағынан еркін ұстайды;

  3. оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс жүзеге асады;

  4. оқушы білімі күнделікті бағаланады;

  5. оқушылардың тіл коммуникативтігі артады;

  6. оқушы міндетті бір ғана тапсырма алып қиналып отырмайды, өз білімінің деңгейіне сай келетін деңгейлік тапсырмалар орындай алады;

  7. оқушының өз бетімен орындайтын, яғни дарынды оқушыға арналған шығармашылық бағыттағы есептер шешу мүмкін болады;

  8. нашар оқушымен де, дарынды оқушымен де күнделікті, әр сабақта жұмыс жүргізіледі;

  9. оқушының логикалық ойлау қабылеті артады;

  10. пәнге қызығушылығы артады;

  11. ұжымшылдық қасиеті артады;

  12. оқушылар бірін-бірі бағалайды;

  13. модульдің қорытынды бөлімінде оқушы алдыңғы сұхбаттасу (сөйлесу) бөлімінде алған бағаларын жақсы бағаға түзей алады;

  14. егер оқушы үйде сабаққа дайындалуға мүмкіндігі болмай, дайындықсыз келген күннің өзінде сабақта оқу материалына қайта-қайта оралу арқылы білімі толығады;

  15. оқушыға материалдың барлығы берілмей, алғашқы кіріспе сабақтарда ғана тезис – лекциялар түрінде берілетіндіктен, оқушылар ары қарайғы білімді өз беттерімен ізденіп табады, яғни қосымша әдебиеттер оқиды, өзі зерттеулер жасайды, өзі қорытынды жасайды т.б.

Ал, менің зерттеу жұмысым осымен аяқталып қалмайды, әлі де жалғасын табады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет