Тест № 1. Жарық дисперсиясы.
Оптикалық диапазондағы электромагниттік тербелістердің толқын ұзындығы қандай шекте болады?
А) λ є (0,4 ÷ 0,8) ·106м.
В) λ є (0,4 ÷ 0,8) ·108м.
С) λ є (0,4 ÷ 0,8) ·10-8м.
Д) λ є (0,4 ÷ 0,8) ·10-6м.
Е) λ є (0,4 ÷ 0,8) ·1016м.
2. Сәулелердің қайсысының толқын ұзындығы ең қысқа
А) Радиотолқындар.
В) Көрінетін жарық.
С) Инфрақызыл жарық.
Д) Рентген сәулелері.
Е) Ультракүлгін сәулелері.
3. Сәулелердің қайсысының жиілігі ең аз?
А) γ – сәулелері.
В) Көрінетін жарық.
С) Ультракүлгін сәулелері.
Д) Рентген сәулелері.
Е) α - сәулелері.
4. 1. V – жарық жылдамдығы; 2. λ – толқын ұзындығы; 3. ν – электромагниттік толқынның тербеліс жиілігі. Осы шамалардың қайсысы бір ортадан екінші ортаға өткенде өзгермейді?
А) 1.
В) 2.
С) 3.
Д) 1 және 2.
Е) 2 және 3.
5. Ақ бетке текст көк әріппен жазылған. Егер оны қызыл шыны арқылы қараса әріптер қандай болып көрінеді?
А) Көк.
В) Қараңғы.
С) Қызыл.
Д) Ақ.
Е) Қызғылт.
6. Аталған құбылыстың қайсысы жарық дисперсиясын түсіндіреді?
А) Перламутр раковинасындағы «Түс ойыны».
В) Сабынның түрлі – түсті көбік шарлары.
С) Ақ жарықтың экрандағы өте жұқа саңылаудан өткеннен кейінгі түрлі-
түсті көрінісі.
Д) Күн күркірегеннен кейінгі көрінетін кемпірқосақ көрінісі.
Е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ.
7. Қызыл және көгілдір шыныларды бірге қосақтады. Осы қос шыныдан
қандай сәулелер өтеді?
А) Қызыл және көгілдір.
В) Ешқандай.
С) Тек қызыл.
Д) Тек көгілдір.
Е) Тек ақ.
8. Ақ түсті экранда жасыл шаршының суреті салынған. Бақылаушы оған
қызыл шыны арқылы қарағанда, көрінетін сурет:
А) Жасыл фонда қара шаршы.
В) Қызыл фонда көк шаршы.
С) Қызыл фонда қара шаршы.
Д) Қызыл фонда қызыл шаршы.
Е) Қызыл фонда жасыл шаршы.
9. Жарық дисперсиясы дегеніміз не?
А) Жарықтың денелерді орап өтуі.
В) Жарықтың шашырау және шағылу құбылысы.
С) Жарықтың ортада жұтылуы.
Д) Жарықтың сыну көрсеткішінің жиілікке тәуелділігі.
Е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |