Физика сабақтарында бағалау критерийіне дескриптор құру арқылы оқушы білімін арттыру тиімділігі



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі69,39 Kb.
#91277
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
docx1559840470 (1)

Физика сабақтарында бағалау критерийіне дескриптор құру арқылы оқушы білімін арттыру тиімділігі


Қамиева Дәметкен Уәлиқызы
Махамбет ауылы, Махамбет ауданы,
О.Шонаев атындағы орта мектебі, физика пәні мұғалімі

Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатырмыз.Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі-оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыртын тың бағдарлама болды. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.


Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс- тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттырып, ең бастысы оқушының өзіндігінен білім алып, функционалдық сауаттылықтарын арттыру болып табылады. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты - бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі
жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз: – білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы; – мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; – ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы; – басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.
Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?
Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады.
Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы:
Оқытуда зерттеушілік іс - әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді.
Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:
1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау;
2. Тұлғаны нәтижеге жеткізу; 
3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;
4. Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтауға болады;
Физиканы оқытуда критериалды бағалаудың мақсаты:
1. Физиканы оқыту сапасын жоғарылату;
2. Оқушылардың білімін міндетті деңгейден мүмкін деңгейге жетелеу;
Міндеттері:
1. Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;
2. Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
3. Жеке оқушының даму жетістігін бақылау; әділ бағалау;
4. Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын 
айқындау;
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері -оқытудың мақсатын және ара-қатысының белгісі Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы.
Ұстанымдар негіздері:
1. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.
2. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
3. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.
Дескрипторда оқушының жетістік деңгейінің дәл сипаттамасын және оларға берілетін ұпай санын көрсетілу керек.
Критериалды бағалау жүйесі , яғни сабақтың басында оқушылар нені білуі тиіс, не нәрсеге қол жеткізу керек деген мақсатпен сабақтың критерийін анықтап беремін. Жалпы критерийлерді әрдайым өзім құрастырып қана қоймай, кейбір тақырыптарды оқушылармен бірігіп құруға жұмыстанамын. Ең бастысы критерийлердің сабақтың оқу мақсаттарын жүзеге асыратынын оқушыда білу керектігін көздеймін.
Сабақта да оқушылар қандай дәрежеге жеткеніне көз жеткізу қашан да тиімді. Критериалды бағалау арқылы оқушылар өздерінің алған білім көлемін шамалай алады.
Сабақтың кез келген кезеңдерінде жасалынатын постерлерді жасап қорғауда «Постер қорғау» дескриптор оқушылармен бірлесіп құрдық.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет