Физика сабақтарында бағалау критерийіне дескриптор құру арқылы оқушы білімін арттыру тиімділігі



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі69,39 Kb.
#91277
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
docx1559840470 (1)

Дескриптор:
-Қозғалыстың күш бағытына байланыстылығын анықтайды;
-Механикалық жұмыс анықтамасын айта отырып, қандай физикалық шамаға тәуелділігін сипаттайды;
-Механикалық қуатқа анықтама береді;
-Арба мен трактор қуатын салыстырады;
Осы сабақтың мақсатына жету үшін әр топқа есептер жинағын беріп, тапсырма кретерийі бойынша дискриптор ұсындым.
І-топ



Есептер

А

F

S

1

Машина 1000 Н күш әсерінен 100 м жол жүрді, атқарылған жұмысты табыңдар.




1000Н

100м

2

Денеге 20 н күш әсер еткенде 100 Дж жұмыс жасады. Осы кезде қанша орын ауыстыру жасады?

100Дж

20Н




3



Бала шкафты орнынан 2 м жерге ығыстырып 200 Дж жұмыс жасады. Осы кезде қанша күш жұмсаған?

200Дж






ІІ-топ



Есептер

N

A

t

1

Жүкті көтеру кезінде машина 2 с кезінде 25 Дж жұмыс жасады, Қуатын табыңдар.




25Дж



2

Қуаты 100 Вт механизм 5 с ішінде қанша жұмыс жасады?

100Вт






3

Қуаты 1000 Вт механизм 2000 Дж жұмысты қанша уақытта жасайды?

1000Вт

2000Дж




ІІІ-топ



Есептер

N

F

V

1

Қуаты 3МВт тепловоз 150 кН күшпен құрамда тартып келе жатыр. Тепловоздың
жылдамдығы қандай?

3МВт

3кН




2

Жылдамдығы 20м/с,қозғалтқышының қуаты 220кВт трактор қандай тарту күшімен жұмыс жасайды?

220 кВт




20 м/с

3

Токарь станогының қозғалтқышы 30 м/с жылдамдықпен жоңқаны кескенде 6 кВт қуат жұмсайды.Жоңқаның кедергі күшін анықтаңдар

6кВт




30 м/с




Бағалау критерийі

Дескриптор

Жұмыс, қуат формулаларына есептер шығару

Есептің мазмұнын физикалық мағынасын түсінеді.

Физикалық шамаларды,анықтап берілгенін жазады.

Шамаларды ХБЖ айналдыра алады.

Есептің шешілуіне байланысты формулаларды анықтайды және түрлендіре алады.

Математикалық есептеу жүргізіп шешімін жаза алады.

Сонымен қатар бұл сабақ барысында «Көзге көрінетін айғақтар» әдісімен топқа эксперименттік тапсырма бердім.
Құрал жабдықтар: жүктер жиынтығы, білеуше, динамометр, сызғыш.



Бағалау критерийі

Дескриптор

Эксперименттік тапсырма арқылы механикалық жұмысты анықтау

Механикалық жұмыстың қандай шамаларға тәуелділігін түсінеді;

Құралдарды пайдаланып есепті шешу жолын ұсынады;

Физикалық шамаларды өлшейді;кесте толтырады;

Шамаларды ХБЖ айналдыра алады;

Талдау жасайды;

Есептеп,шешімін жазады;

Қорытынды жасайды;



Бағалау критерийі

    • Жұмыстың мөлшерін анықтайды;

    • Есептерді шығаруда қуат және жұмыс формулаларын қолданады;

    • Қуатты анықтау үшін жылдамдық пен күшті байланыстыратын формуланы қолданады;


1-тапсырма.
Механикалық жұмыс деп нені атайды ?

2-тапсырма.
Қуатты қалай есептеуге болады?
3. 450к Дж -

4-тапсырма.
Көлемі 4,5 м3 суды 3 минутта 3 м биіктікке көтеретін сорғының қуатын анықта

5-тапсырма.
Қуаты 40 кВт трактор 36 км/сағ жылдамдықпен қалай тарту күшімен жұмыс жасайды?




Бағалау
критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Білім алушы

Механикалық жұмыс және қуаттың физикалық мағынасын біледі

1 -3

Механикалық жұмыстың, қуаттың анықтамасын жазады.

Механикалық жұмыстың, қуаттың формуласын жазады.



Жұмыстың өлшем бірлігін ХБЖ-не келтіреді

Есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолданады

4

Суды көтеруге жұмсалған күшті анықтайды

Суды көтеруге жұмсалған жұмысты анықтайды

Сорғының қуатын анықтайды.

Қуатты анықтау үшін жылдамдық пен күшті байланыстыра
тын формуланы қолданады



5

Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді

Көліктің жылдамдығын /жұмысын/ анықтайды

Жалпы осы сабақты сараласақ:
Сабақты жақсы өткен екі аспектісі
1: Оқушылар жұмыс,қуат формулаларын түрлендіре алады;
2: Топтық талқылау барысында оқушылар жетекші идея тудыруға талпынды.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады
Оқушыларда бастапқы «Ой қозғау» әдісі және «Көзге көрінетін айғақтар» әдісі арқылы берілген тапсырмалар бір-бірімен сабақтасуы сабақ мақсатына жетуге, оқушылардың сабаққа қызығушылығының артуына ықпал етті.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Сабақ барысында оқушыларға өз ойын айтуға түрткі болатын жеңілдетілген сұрақтар арқылы талдау жасап барып, теориялық білімді игертуге мән беру.
Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы мен оқушыларымның өзін-өзі бағалауда, бірін-бірі бағалауда олардың сабаққа деген ынтасының, өзіндік ойы, пікірі қалыптасқанын, есте сақтау қабілеттерінің , пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түю, бір-бірінің , мұғалімнің алдында жауапкершіліктері артқанын аңғардым.
Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін біліп отырды. Критериалды бағалау арқылы оқушылар өз деңгейлерін анықтай алды. Бұл олардың білім деңгейлерін көтеруіне ықпалын тигізді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты,
сенімділік пайда болды және олар бір-біріне көмектесе отырып және олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя бастады.
Сабақ барысында мұндай тапсырмалар қалыптастырушы бағалау бойынша бағаланады.Қалыптастырушы бағалауды мұғалім де, оқушы да жүргізе алады. Оқушылар тарапынан өзін өзі бағалау арқылы және бірін бірі бағалау арқылы жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау білім сапасын жоғарылатады, өйткені мұғалім оқушының нені білетінін немесе білмейтінін анықтап, келесі іс-әрекетті жоспарлай алады. Оқушылардың білім дәрежесін нақты біле отырып, ары қарай дамыту үшін және оқу мен оқытудағы білім сапасын арттыру мақсатында мұғалім оқытудағы әдіс-тәсілдерін өзгерте алады. Сонымен қатар тиімді кері байланыс жасай алады.
Сабақ кезінде жүйелі тапсырманы дескриптор бойынша орындауға үйренген оқушы жиынтық бағалау кезінде жақсы нәтижеге жету ықтималдылығы жоғары.
«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп, оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да, мұғалім де өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала ұсынылған бағалау шкаласының ұсынылуы, оның анық айқындылығы, бағаның әділ қойылуы, өзін бағалауға мүмкіндіктердің берілуі. Критерий оқыған бағдарламаға сай алынады. Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді. Қорыта айтқанда, бүгінгі оқушының білім сапасын арттыруда физика сабақтарында бағалау критерийіне дескриптор құру арқылы оқушы білімін арттыру тиімділігінің ерекшелігі, оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Нұсқаулық (ІІ- негізгі деңгейге арналған) www.cpm.kz


2. Блум таксономиясын оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі 
Әдістемелік құрал, Орал қаласы 2013ж
3. Жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби іскерлік сапалары 
Қазақстан мектебі журналы, №9 2011ж,24-бет
4. Педагогикалық альманах журналы. №3,2016жыл 53-бет,
Оразаева З.Н;
5. Карманова К.М. «Қалыптастырушы бағалаудың оқуға ықпалы »
6.
http://zkoipk.kz/kz/2015smart1/1510-conf.html
7.https://infourok.ru/matematika__sabaкtarynda_kriterialdy_baalaudy_
oldanu

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет